Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды

0
547

Көркем жүзу жарысынан 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Карина Магрупова жеңіп алса, екіншісін осы сайыс түрінен 13-15 жас аралығындағы қыздар арасынан еркін бағдарламада Даяна Джаманчалова қанжығасына байлады.


Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Нақтырақ айтатын болсақ, оның бірін көркем жүзу жарысынан 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Карина Магрупова жеңіп алса, екіншісін осы сайыс түрінен 13-15 жас аралығындағы қыздар арасынан еркін бағдарламада Даяна Джаманчалова қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысы:

Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 15-19 жас
1-орын - Қазақстан - Карина Магрупова - 404.0525 ұпай
2-орын – Таиланд - Патрави Чаяварарак - 330.9342
3-орын – Өзбекстан - Зиёдахон Тошхуджаева - 328.1150
Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 13-15 жас

1-орын - Қазақстан - Даяна Джаманчалова - 233.5386 ұпай
2-орын – Қытай - Я Дай - 233.1047
3-орын – Өзбекстан - Сабина Махмудова - 200.5405