Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Бельгияны ірі есеппен ұтты

0
229

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 13 сәуір күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.


Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Бельгияны ірі есеппен ұтты

ERNUR.KZ. Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші матчында жеңіске жетті, деп жазады stan.kz.

Андорраның Канильо қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бельгияны ойсырата ұтты. ІІ дивизиондағы әлем біріншілігінің А тобында өнер көрсетіп жатқан құрамамыз қарсыластар қақпасына 9 шайба салып, өз қақпаларына 2 шайба жіберіп алды. Құрама сапында Лариса Свиридова, Дильназ Саяхатқызы, Екатерина Куценко, Малика Алдабергенова (дубль), Анна Пяткова, Карина Фельзинк, Перенеш Әшімова) және Александра Шегай көзге түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 13 сәуір күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.