Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

0
304

Қазақстан құрамасы күзде Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады.


Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуде жеңіліс тапты. Таразда өткен бұл ойында қонақтар 6:5 есебімен жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

Кака бұл ойынға жастардан құралған команданы шығарды. Негізгі құрамдағы ойыншылардың көбі қатыспады. Кейбірі жарақатын емдетуде. Екі күн бұрын өткен ойында екі құрама 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Бүгін өзбек ойыншылары жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Ойынның бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен ұтып шыққан болатын. Екінші таймда қонақтар қарқын қосып есепті 6:5 есебімен өз пайдаларына шешті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы күзде Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады.