Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізеді

0
431

Бұл ойын ұлттық құраманың Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылып отыр.


Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізеді

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін, 14 наурызда Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады inform.kz.

Бұл ойын ұлттық құраманың Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылып отыр. Кездесу сағат 19.00-ге белгіленген. БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына ойыншылардың басым бөлігі жиналды.

Енді Түркия мен Ресей чемпионатынан Абат Айымбетов, Бақтиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп қосылады. Сондықтан олар бүгінгі ойынға қатыса алмайды.

FIFA рейтингінде Түркіменстан құрамасы 141 орында тұр. Екі құрама соңғы рет 1994 жылдың 15 сәуірінде кездескен еді. Бұл ойында құрамалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Одан бұрын 1992 жылы бір кездесуде 1:0 есебімен тізе бүктірсе, келесі ойында 1:1 есебі тіркелді. Бүгінгі Түрікменстан құрамасымен жабық жолдастық ойын өтеді. Ол телеарналар арқылы көрсетілмейді.

Айта кетсек, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін оқу-жаттығу жиыны 19 наурызға дейін созылады. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында С жолымен 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекиямен кездеседі. Жеңген жағдайда 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.