Еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады

0
414

Ойын 15 және 21 қаңтар аралығында өткізіледі.


Еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады

ERNUR.KZ. Нидерландтың Херенвен қаласында шайбалы хоккейден IIA дивизионында жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Ойын 15 және 21 қаңтар аралығында өткізіледі. Онда қазақстандық жасөспірім қыздармен Ұлыбритании, Түркия, Латвия, Қытай мен Нидерланд құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойын кестесі:

15 қаңтар, 21:30. Қазақстан – Ұлыбритания
16 қаңтар, 18:00. Түркия – Қазақстан
18 қаңтар, 21:30. Латвия – Қазақстан
21 қаңтар, 1:00. Қазақстан – Қытай
21 қаңтар, 21:30. Нидерланд – Қазақстан.