Алматыда шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтеді

0
463

Чемпионат 25 желтоқсанда басталады.


Алматыда шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтеді

ERNUR.KZ. Алматыда шахматтың жылдам және блиц түрлерінен 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

"FIDE рапид және блицтен 2022 жылғы әлем чемпионаттарының өтетін күні мен орнын растауға қуанышты. Беделді шара Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қазақстанның ірі мегаполисі - Алматыда өтеді", - делінген FIDE мәліметінде.

Чемпионат 25 желтоқсаннан (спортшылардың келуі және турнирдің ашылу салтанаты) 30 желтоқсанға дейін (соңғы ойын күні және жабылу салтанаты) өтеді.

"Көптеген елдер (100-ден астам) Қазақстанға визасыз режимді, сондай-ақ Визалық-миграция порталы арқылы берілетін бірреттік электронды визаны алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады", - делінген федерация ақпаратында.