Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Белградтағы бәсекеде бақ сынайды

0
314

Санжар Тәшкенбай осыдан бір ай бұрын "Странджа кубогігінің" финалына шығып, алтын жүлде үшін айқаста үндістандық боксшыға есе жіберген болатын.


Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Белградтағы бәсекеде бақ сынайды

ERNUR.KZ. Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сербияның астанасы Белград қаласында өтетін "Белград жеңімпазы" атты халықаралық турнирде өнер көрсетеді, деп жазады stan.kz.

Санжар Тәшкенбай Болгариядағы байрақты бәсеке "Странджа кубогіндегі" сәтсіздігінен кейін Белградтағы "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінде бағын сынайды. 12-18 наурыз аралағында өтетін жарыста отандасымыз тағы да 51 келіде өнер көрсетеді. "Странджа кубогінің" финалындағы олқылықтың орнын осы додада толтыруды көздеген боксшы Ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай осыдан бір ай бұрын "Странджа кубогігінің" финалына шығып, алтын жүлде үшін айқаста үндістандық боксшыға есе жіберген болатын.