Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан АТР турнирінің үшінші айналымына өтті

0
765

Келесі айналымда ол ресейлік Алсан Карацевке қарсы ойнауы мүмкін.


Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан АТР турнирінің үшінші айналымына өтті

ERNUR.KZ. Александр Бублик Мадрид қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі 1/16 финалда канадалық Денис Шаповаловпен кездесіп, үш сеттің қорытындысы бойынша 6:4, 5:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч екі сағат 22 минутқа созылды. Бублик бұл ойында тоғыз эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде алты рет қателесті. Сондай-ақ ол 14 брейк-пойнттың үшеуін өз пайдасына аяқтады.

Енді үшінші айналымда отандасымыз Диего Шварцман (Аргентина) - Аслан Карацев (Ресей) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.