Шымкенттік 20 жас шағын грант жеңіп алды

0
779

Конкурсқа түскен 84 өтінімнің 35-і шымкенттіктерге тиесілі.


Шымкенттік 20 жас шағын грант жеңіп алды

Бүгін Шымкент қаласында «Zhas Project» жобасының шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

NEET санатындағы жастарға арналған бірегей жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Конкурсқа түскен 84 өтінімнің 35-і шымкенттіктерге тиесілі. Нәтижесінде 20 жас грант жеңімпазы атанды.
Келесі жылдан бастап жобаның екінші кезеңінде NEET санатындағы жастарға жыл сайын 1 000 000 теңгеге дейінгі сомада 28 грант бөлу жоспарланған.