Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

0
476

Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын.


Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 615-і жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй ретінде тіркелген.
Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Отырар және Спорт шағын аудандарын аралап, «Қуатжылуорталық-3» мамандарымен бірлесе жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын.
Әл-Фараби әкімдігі мамандары тарапынан үй басқарушыларына қысымдау, сығымдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілуде. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдардың есік-терезелерін бүтіндеу, істен шыққан құбырларды ауыстыру бойынша үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да қатар жүргізілуде.