Қазақстанда сот сараптамасының жаңа түрі жүргізіледі

0
168

Толықтырулар зияткерлік меншік объектілері бойынша сот сараптамасын тағайындау көлемінің артуына байланысты енгізіліп жатқаны белгілі болды.


Қазақстанда сот сараптамасының жаңа түрі жүргізіледі

ERNUR.KZ. Әділет министрлігі сот сараптамасы органдары жүргізетін сараптамалар түрлерінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сарапшылық мамандықтардың тізбесіне толықтырулар енгізді, деп жазады stan.kz.

Атап айтқанда, тізім тиісті сарапшылық мамандығы бар сот сараптамасының мынадай түрімен толықтырылды:

  • Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы:
  • Даралау құралдарын олардың ұқсастығына криминалистикалық сараптама.

Толықтырулар зияткерлік меншік объектілері бойынша сот сараптамасын тағайындау көлемінің артуына байланысты енгізіліп жатқаны белгілі болды.

“Бұл сараптамалық зерттеу бұған дейін азық-түлікке жатпайтын тауарлардың тауарлық сараптамасы шеңберінде жүргізілген. Бірақ зерттеу пәні тауарларға емес, олардың сәйкестендіру құралдарының белгілерін адамның қабылдауына байланысты. Сондай-ақ оның тауартану саласындағы арнайы ғылыми білімдерге қатысы жоқ. Осыған байланысты сот сараптамасының жоғарыда аталған түрін тәуелсіз сараптама түріне бөлу қажеттігі туындады”, – делінген хабарламада.

Құжат 21 мамырға дейін қоғамдық тақылау үшін "Ашық құқықтық регламент" сайтында жарияланды.