Шымкентте жол-көлік оқиғасынан бір әйел көз жұмды

0
500

"Mercedes Benz 200 D" және "Toyota Land Cruizer 100vx” маркалы автокөліктері соқтығысқан.


Шымкентте жол-көлік оқиғасынан бір әйел көз жұмды

сурет: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 17 мамырда кешкі сағат 21:10 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесі мен Республика алаңының қиылысында "Mercedes Benz 200 D" және "Toyota Land Cruizer 100vx” маркалы автокөліктері соқтығысқан.
Нәтижесінде, ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен екі жүргізуші және “Mercedes Benz 200 D” көлігінің үш жолаушысы жеткізілді, олардың арасында бір әйел болған. Қатты соққы салдарынан ол есін жимай қайтыс болды.
“Оқиға орнына Абай АПБ-ның жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптама тағайындалды”, - делінген баспасөз хабарламасында.