Шымкентте жастарға көмек көрсететін Денсаулық орталығы ашылды

0
896

10-29 жас аралығындағы қала жастарына толықтай көмек қолын созуға дайын.


Шымкентте жастарға көмек көрсететін Денсаулық орталығы ашылды

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 емхана жанынан «Сұңқар» жастар денсаулық орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталық қызметкерлері 10-29 жас аралығындағы қала жастарына толықтай көмек қолын созуға дайын.
Жастар орталығын ашудың негізгі мақсаты, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастарға жоғары білікті медициналық-психологиялық және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
Орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі және құқықтық кеңестер беріледі. Және бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі.
Жастар денсаулық орталықтарының тиімділігі 10-29 жас аралығындағы тұрғындардың психикалық-әлеуметтік және медициналық проблеммаларын анонимді және уақытылы алдын алу болып табылады.
№3 қалалық емханаға қарасты «Сұңқар» Жастар денсаулық орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бәйтереков көшесі, №190 ғимарат, 0 этаж.