Шымкентте үш жеңіл көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

0
410

Оқиға салдарынан 3 жүргізуші және 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді.


Шымкентте үш жеңіл көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

Шымкентте үш жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталға оқиға 13 маусым сағат 19:15 шамасында Абай АПБ-на қарасты Шымсити мөлтек ауданында болған.

13 маусым сағат 19:15 шамасында Абай АПБ-на қарасты Шымсити мөлтек ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына жедел түрде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі атауы жоқ көше қиылысында екінші дәрежелі жолда бола тұра, басты жолда келе жатқан Toyota Camry және Opel Vectra көліктеріне соқтығысқаны анықталды. Салдарынан, әртүрлі дене жарақатымен 3 жүргізуші және 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Адам шығыны жоқ. Mercedes Benz толықтай өртеніп кетті. Қалған екі автокөлікке материалдық шығын келтірілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізкшілерінің жол жүрісі қағидаларын адам денсаулығына зиян келтіруге алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Алдағы уақытта жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады.