​Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшыларына сот үкімі шықты

0
856

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды.


​Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшыларына сот үкімі шықты

«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз.