Шымкентте скринингтік тексеру жоспарға сай жүргізілуде

0
503

Өткен жылы жалпы скринингтік тексерулерден 796 169 адам өткен.


Шымкентте скринингтік тексеру жоспарға сай жүргізілуде

ERNUR.KZ. Өткен жылдың 11 айында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында жалпы скринингтік тексерулерден 796 169 адам өтті.


Скринингтік зерттеулер ересектер арасында қан айналым жүйесінің аурулары бойынша 98,3%, қант диабеті 100%, глаукома 100%, жатыр мойны обыры 97,3%, сүт безі обыры 96%-ға және тоқ ішек аурулары бойынша 98%-ға орындалды. Жалпы, өлім көрсеткіші 11%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, МСАК ұйымдары арасында қосымша жаппай иммундау бойынша 52 328 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, амбулаториялық деңгейде науқастарға 4 940 618 консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Бұл ретте қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ, ПЭТ) 53 291 адам қамтылды.
Бүгінде қалада амбулаторлық деңгейде 53 медициналық ұйым қызмет атқарады. Оның ішінде 14-і – мемлекеттік емхана, ал қалғаны жекеменшік болып есептеледі.