Шымкентте шағын несие бойынша 272 жастың жобасы мақұлданды

0
427

Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады.


Шымкентте шағын несие бойынша 272 жастың жобасы мақұлданды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға 500-ге жуық азаматтан өтініш түскен.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде 272 үміткердің жобасы мақұлданды. Жас кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын қолдауға қаралған қаражат толығымен игеріліп отыр.

Жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастаған жастардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.
Жеңілдетілген несие жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпарат және жиі қойылатын сұрақтармен «https://www.agrocredit.kz» сайтында танысуға болады. Шымкентте өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.