​Шымкентте қыздар ұлттық тағам дайындаудан сынға түсті

0
852

Қыздар ұлттық тағамдарды дәмді қылып дайындауда бар өнерлерін салды.


​Шымкентте қыздар ұлттық тағам дайындаудан сынға түсті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Тарихи күндер тізбегімен» атты тағылымдық іс-шара жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - Шымкент қаласындағы талантты, белсенді әрі дарынды жастардың елдің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласуы, жастар арасында салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру. Сонымен қоса, еліміздегі түрлі салалардың дамуына үлес қосып жүрген жастарды қанаттандыру және дарындылығымен көзге түскен жас буынды ынталандыру, ерен еңбегін бағалау.

25 – қазан Республика күніне орай қаламыздың жоғары оқу орындары жастары арасында ұйымдастырылған сайыстың бүгін екінші өтті.

Сайыстың екінше күнінде қыздар ұлттық тағамдарды дайындау бойынша жарысқа түсті. Атап айтқанда бауырсақ пісіру, қамыр жаю, кеспе турау, майсөк әзірледі. Қыздар ұлттық тағамдарды дәмді қылып дайындауда бар өнерлерін салды.

«Қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы болып келеді. Ұлтымыздың қай тамағын алмаңыз өте нәрлі, дәмді, адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен минералдарға, микроэлементтерге бай, ауруға шипа берер тағамдардан тұрады», - деді сайысқа қатысушылар.

Ал, бүгінгі іс-шараның қорытынды нәтижесінде жеңімпаз болған жастарға Шымкент қаласы әкімдігі атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, ұйымдастырылу тәртібі бойынша сайыстың алғашқы күнінде ер жігіттер арасында ұлттық ойыннан 8 жоғары оқу орны сынға түсті. Атап айтқанда қол күрес, асық ату, ләңгі тебуден Қазақстан халықтар достығы университеті, «Мирас» университетi, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi, "Шымкент" университеті, Ж. Ташенов атындағы университет, Орталық Азия Инновациялық университеті өзара тартысты сайыс өтті.