Шымкентте ​ана мен бала өлімін алдын алуға арналған шеберлік сабағы өтті

0
571

Акушерлік-гинекология кафедрасының өкілдері мен репродуктивті медицина мамандары қатысты.


Шымкентте ​ана мен бала өлімін алдын алуға арналған шеберлік сабағы өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Перинаталдық орталық базасында мәскеулік мамандар жергілікті дәрігерлерге «Клиникалық акушерліктегі симуляциялық платформаны қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Тәжірибе алмасу шарасы Л.А.Ворохобов атындағы № 67 перинаталдық орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты С.В.Мартиросян және М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың фундаментальді медицина факультетінің акушерлік-гинекология кафедрасының өкілдері мен репродуктивті медицина мамандарының қатысуымен өтіп, ана мен бала денсаулығын сақтау ісінде кәсіби біліктіліктерімен бөлісті.
Шеберлік сабағы жүкті әйелдер мен нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталды. Мұндай жұмыстар ана мен бала өлімін азайтуға септігін тигізеді.