Шымкентте алғаш рет балалар кардиохирургия бөлімшесі ашылады

0
572

800 орындық университеттік клиника салу жоспарланып отыр.


Шымкентте алғаш рет балалар кардиохирургия бөлімшесі ашылады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен қолжетімділікті арттыру. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков баян етті.

– Денсаулық саласындағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беріп отыр. Соңғы жылдары жекеменшік емханалар ашылып, мемлекеттік ұйымдардың жүктемесі төмендеді. Қалада жеке инвестор есебінен қатерлі ісік ауруының бастапқы сатысын анықтайтын Сәулелі терапия орталығы ашылды. Биыл осы орталықта 553 адамға қызмет көрсетілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы өлім-жітім азайды, – деді қала басшысы.
Мегаполисте жыл соңына дейін алғаш рет балалар кардиохирургия бөлімшесі ашылады.
Қала әкімінің мәліметінше, алдағы уақытта 6 жеке медицина орталығы, 200 орындық жаңа заманауи перзентхана және 800 орындық университеттік клиника салу жоспарланып отыр.