Шымкентте 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілген

0
151

Жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымалары қазылған.


Шымкентте  443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілген

ERNUR.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2023 жылға арналған қалалық жайлы ортаны дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытғалиұлы мегаполистегі жайлы ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша баяндады.

Басқарма басшысының сөзінше, 2023 жылы Шымкент қаласы аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымалары қазылған. Әр аудан бойынша 20 дана су ұңғымалары қазылып, автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды.

Сонымен қатар, қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы техника жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайтылды.
Жалпы инертті материалдар қоры: Құм- 31594м3. Тұз- 6690 тонна әзірленіп, қаланың тазалық жұмыстарына жауапты жекеше әріптестердің базаларына жеткізілді.
Арнайы техникалардың қар күреу жұмыстары бойынша әр ауданға қар күреу бағыттары әзірленіп, бекітілген.

Спикердің сөзінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қала аумағындағы магистралды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары бюджет қаражатынсыз жекеше әріптестер есебінен жүргізілді.

Биыл Шымкент қаласы аумағындағы барлық магистралды көше, ішкі орам көшелері, көпқабатты тұрғын үй аулалары, жеке секторлар ағаштары саналып, тізімі жасалады. Қазіргі таңда, 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді.

Сонымен қатар, орталық көшелердегі тазалық жұмыстарына мердігер мекемелер тарапынан 2000-ға жуық жұмысшы, 155 арнайы техника жұмылдырылған.

Бөлісу