Шымкент Полиция Департаментінің баспасөз хатшысына қатысты жаңа ақпарат жарияланды​

0
632

Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған.


Шымкент Полиция Департаментінің баспасөз хатшысына қатысты жаңа ақпарат жарияланды​

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қалалық Полиция Департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты билік өкіліне тіл тигізу бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Мөлдір Бекееваның суицидке бару жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Қаратау АПБ-дан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданған.

“Жедел басқару орталығы қызметкерінің басшы тарапынан болған қорлау туралы арызына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында олардың арасында туындаған жанжал ҚР ҚК 131-бабы "қорлау" бойынша екені анықталды. Осыған сәйкес ҚР ҚПК-нің 35-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Өз кезегінде қызметкерге азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар екендігі түсіндірілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болғанын жазған болатынбыз.