ШЫМКЕНТ: Мирас университетінде жастармен маңызды кездесу өтті

0
331

Басқосу соңы сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты.


ШЫМКЕНТ: Мирас университетінде жастармен маңызды кездесу өтті

Шымкент қаласындағы Мирас Университетінде ұлдар мен қыздарға арналған арнайы кеңесі өтіп, жастар арасында тәрбие, ер балалар мен қыздарға тән мінез туралы еркін басқосу өтті.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.
Ұлдар арасында өткен жиын да осы мәселелер айтылып, қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау мақсатында жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Іс шарада шекара басқармасының, уролог, психиатр-нарколог мамандары, қатысып, отбасы институты мәселесі талқыланды. Ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау, бойларына қазақ жігіттеріне тән тек жақсы қасиеттерді сіңіруді айтып өтті.
Жігіт келбеті қандай болуы керек деген сауалға ұлдар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай ақ ұл балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлулеріне, ішімдік пен темекінің зияндығы жөнінде мәліметтер берілді, құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ұлттық ізгі дәстүрімізді сақтай отырып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – қоғамның да міндеті. Мирас университетінің студент қыздар кеңесінің көтерген мәселесі осы тақырып төңірегінде болды. Жиынға 1 курс студент қыздары қатысты.

“Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды.” Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді.
Жиынға қатысқан мамандар енді оқуға түскен, әлі оң-солын жақсы ажыратпаған қыздарға аталған жиынның мәнісін түсіндіріп, ақыл-кеңестерін де берді.
Басқосу соңы сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты.