ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының 98 көшесіне асфальт төселеді

0
567

2024 жылы аудан аумағындағы 331 көшені жарықтандыру жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының 98 көшесіне асфальт төселеді

Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 98 көшеге асфальт төселеді.

Бұл туралы аудан әкімі Р.Мүлкеманов Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында жасаған баяндамасында айтты.

Әкімнің баяндамасына сәйкес, Қаратау ауданының аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса, 20 шақырымды топырақ көшелер құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 33 шақырымды құрайтын 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, 2024 жылы аудан аумағында жалпы ұзындығы 75,98 шақырымды құрайтын 98 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайды.
2024 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жалпы 7000 шаршы метр ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына тротуар салынады. Сонымен қатар, 494 (20 000 шаршы метр) көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға асфальт жолдары ретке келтіріліп ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

Қаратау ауданы аумағында жалпы 595 көшенің 125 (21%) көшесі жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 19 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылса, тұрғындар тарапынан 18 көше жарықтандырылған. 2024 жылы аудан аумағындағы 331 көшені жарықтандыру жоспарланған. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, жарықтандырумен қамту көрсеткіші 74,7 % құрайды.

Сондай-ақ, аудан аумағында 603 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ішінде 52 үйдің ауласы жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы 9 үйдің ауласы жарықтандырылса, 2024 жылы 13 үй ауласын жарықтандыру жоспарланған. Олар: Арғынбеков көшесіндегі 8 үй, ӘІО аумағындағы 5 үй.