ШЫМКЕНТ: Биылдан бастап заңды некеге тұрмағандар ЭКО-ға үміткер бола алады

0
321

Ол кезде екі тараптан да жазбаша өзара келісімнің болуы міндетті.


ШЫМКЕНТ: Биылдан бастап заңды некеге тұрмағандар ЭКО-ға үміткер бола алады

Биылдан бастап өз қарым-қатынасын заңдамаған жұптар да ЭКО-ға үміткер бола алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол кезде екі тараптан да жазбаша өзара келісімнің болуы міндетті.

Сондай–ақ, Қазақстан азаматы болып, денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес болу қажет:
- репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін)
- қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебелер
- жоғары фолликулярлық резерв
Науқасқа in vitro ұрықтандырудан бас тартатын жағдайлар:
- жатырдың туа біткен немесе алынған ауытқулары,
- соматикалық және психикалық бұзылулар
- аналық без ісіктері
- жедел қабыну аурулары және кез-келген локализацияның онкологиясы.