"Денешынықтыру сабағында өзін нашар сезінген": Шымкентте мектеп оқушысы көз жұмды

0
781

Оқушы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының» 7 сынып оқушысы түнгі мезгілде емхананың жансақтау бөлімінде «Жедел жүрек-өкпе жетіспеушілігі» диагнозынан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқушы денешынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Денешынықтыру пәні мұғалімі оқушыны жеке кабинетке алып барып мектеп дәрігеріне хабарласып, оқушының ауырып тұрғанын ескерткен.
Дәрігер оқушының жағдайымен танысып, жедел жәрдем шақыртқан. Оқушының анасына хабар берілген.
Жедел жәрдем оқушыны ауруханаға алып кеткен. Оқушы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ.