​Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ҚИЯР қосылған СУ ішіңіз

0
19 006

Емді таңертең жүргізу керек.


​Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ҚИЯР қосылған СУ ішіңіз

фото: ru.med-mash.ru

Диетолог мамандар қияр қосылған судың адам ағзасына пайдасы шаш-етектен дейді. Олар таңертең 1 стақан қияр қосылған су ішсеңіз, мына 6 түрлі аурудың алдын алатыныңызға кепілдік береді. Ендеше, саулығымызға да, сұлулығымызға да пайдасы мол қияр қосылған су ішуді әдетке айналдырайық. Сонымен қияр қосылған су мына ауруларға ем болады екен:


1. Саулығыңызды жақсартады

Қияр қосылған су қан қысымын реттейді. Оның құрамындағы калий, магний және натрий элементтері инсульт, жүрек талмасы, бүйрек ауруларының алдын алады.

фото: prostyye-sovety.ru


2. Тәбетті болдырмайды

Егер сіз таңертең ашқарынға 1 стақан қияр қосылған су ішетін болсаңыз, онда қарныңыздың ашқанын сезе қоймайсыз. Әсіресе, артық салмақпен күресіп жүретіндерге таптырмайтын әдіс.


3. Теріні тазалайды

Сіз қияр қосылған су ішуді әдетке айналдыратын болсаңыз, онда теріңіздің саулығы жақсарады әрі жасарады. Тегістеліп, ылғалданады. Мұндай қасиетке құрамындағы кремний элементінің арқасында қол жеткізеді.


4. Ағзаны ылғалдандырады

Қияр қосылған су тәнді де, жанды да емдейді. Теріні ғана емес, ағзаңызды да нәрлендіріп, ылғалдандырады. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр ауруларынан қорғайды әрі улы заттан тазартады.

фото: bizbi.ru


5. Дәруменмен байытады

Қияр адам ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендердің қайнар көзі. Әсіресе А және С дәруменіне өте бай. Аталған пайдалы заттар ағзаға тез еніп, оңай қорытылады.


6. Ағзаны уланудан қорғайды

Ағза уланған жағдайда 1 стақан қияр қосылған су ішсеңіз, 2-3 минутта-ақ керемет нәтижесін көресіз. Сондай-ақ, бүкіл ағзаны шлактан, улы заттан тазалайды әрі денсаулықтың жалпы жағдайын жақсартады.


Қияр суды қалай дайындаймыз?

Емдік қасиеті орасан бұл судың дайындалу жолы өте қарапайым. Бізге:

  • 2 дана қияр
  • 3-4 тал жалбыз
  • 1 дана лимон
  • 2 литр таза ауыз су қажет.

Кеңдеу ыдысқа суды құясыз. Қиярды жіңішке етіп ұзыншалап турап, саласыз. Оған жалбыз бен лимон тіліктерін қосып, араластырасыз. Ыдыстың қақпағын жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. Емдік суды түнде жасағаныңыз жөн. Таңертең дайын болған суды шектеусіз іше беруге болады.


Дереккөз: joinfo.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ШЛАК толған БАУЫРДЫ итмұрын ТАЗАЛАЙДЫ


АРЫҚТАУҒА себеп болатын СЕГІЗ ауру туралы білесіз бе?


Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік