​ШЛАК толған БАУЫРДЫ итмұрын ТАЗАЛАЙДЫ

0
15 194

Емді аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері жүргізіңіз.


​ШЛАК толған БАУЫРДЫ итмұрын ТАЗАЛАЙДЫ

фото: novoye-vremya.com

Бауыр – ағзадағы фильтр. Ол барлық ағзаны, қанды зиянды қоспалардан тазалайды. Тазалаушы құралдың өзіне де тазалық керек екенін ұмытпайық. Егер бауыр шлакқа толса, онда өз жұмысын тыңғылықты дәрежеде атқара алмайды әрі жұмысы баяулайды. Сондықтан да бауырды кезең-кезеңімен тазалап тұруды ұмытпаңыз.

Бауыр шлакқа толса:

  • бойыңызды әлсіздік билейді;
  • көңіл-күйіңіз нашарлайды;
  • ашуланшақ боласыз;
  • ұйқысыздыққа тап боласыз;
  • жұмыс істеуге құлшынысыңыз болмайды;
  • тәбетіңіз төмендейді;
  • кекірік, лоқсу, іш қату, іш кебу секілді жайсыздықтар мазалайды.

Егер сізде осындай белгілер байқалса, онда үй жағдайында бауырды тазалаудың бірнеше әдісін ұсынамыз. Ұнағанын таңдап алып, тәжірибе жүзінде байқап көріңіз.


ИТМҰРЫН

Термосқа жарты литр қайнаған су құясыз. Оған 3 ас қасық итмұрын (шиповник) шөбін араластырып, қақпағын мықтап жауып қойыңыз. Таңертең 1 стақанға 3 ас қасық сорбит (қант алмастырғыш) саласыз. Үстіне жартылай итмұрын тұнбасын құйып, жақсылап араластырыңыз. Жылы тұнбаны таусытып ішу керек. 20 минуттан соң тағы да жарты стақан қантсыз тұнба ішесіз. Шамамен 45 минуттан соң таңғы асты ішіп-жеуге болады.

Мейлінше, таңғы асқа көкөністен дайындалған салат, жеміс түрлері мен жаңғақ жеңіз. Ал сусынға итмұрын, қарақат немесе таңқурайдан дайындалған шай ішуге болады. Тағы да біркүндік нан жеуге рұқсат етіледі.


ЕСКЕРІҢІЗ! Ем кезінде көбірек қимылдаңыз. Бауырды тазалау әдісін аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері жүргізіңіз.

фото: krasnayakrov.ru

СҰЛЫ

3 литр ыстық суды түбі қалың шойын немесе керамикалық ыдысқа құясыз. Оған 1 стақан сұлы жармасын салып, 150 градуста қызып тұрған пешке қоясыз. Шамамен 2 сағаттан соң ыдысты алып, 12 сағатқа жылы жерге қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/4 стақаннан ішесіз. Емді тамақтанудан 20 минут алдын жүргізу керек. Емделу мерзімі бірнеше айға созылады.


ҚАРАҚҰМЫҚ

Кешке кеңдеу ыдысқа 200 гр. қайнаған су құясыз. Оған 1 ас қасық қарақұмық қосып, қақпағын жауып қойыңыз. Таңертең әбден бөктірілген қарақұмықтың артық суын сырғытып төгіп, 1 ас қасық зәйтүн майын қосасыз. Қоспаны мұқият араластырып алып, ашқарынға жейсіз. Сосын 2 сағатқа дейін ештеңе ішіп-жеуге болмайды.

Емделу мерзімі – 30 күн.

фото: podruzke.ru

ҚЫЗЫЛША

1 дана қызылшаны тазалап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне 1 литр су құйып, өлшеп алыңыз. Сосын тағы да 2 литр су құйып, ыдысты отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, алғашқы мөлшерге келгенше баяу отта қайнатасыз. Сонан соң отты өшіріп, ыдыстағы қызылшаны сүзіп аласыз. Піскен қызылшаны үккіштен өткізіп, жаңағы қайнаған суға қайта салыңыз. Ыдысты тағы да баяу отқа қойып, 20 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 4-ке бөлесіз. Әр 4 сағат сайын 1 бөліктен әр ішіп отыру керек.

Тұнбаны ішкен соң бауырға ыстық жылытқышқы қойып, жарты сағаттай жату керек. Ем жүргізген күні тек алма, бұқтырылған немесе қайнатылған көкөніс, өсімдік майы қосылған жеңіл салат жеуге рұқсат етіледі.


ШӨП қоспасы

Кеңдеу ыдысқа 4 шай қасық салаубас (бессмертник), жүгері қауызы, таран (спорыш) және мыңжапырақ (тысячелистник) үгіндісін саласыз. Оның үстіне 3 шай қасық жалбыз (мята), ошаған (дурнишник), жусан (полынь), түймедақ (ромашка), сүйелшөп (чистотел) және қайың жапырағын салыңыз. Оған қоса, 2 шай қасық жұпаргүл (душица), шайқурай (зверобой), қырмызыгүл (календула), жаужапырақ (мелисса), таңқурай (малина) жапырағы, қырықбуын, шашыратқы (цикорий) және сәлбен (щалфей) шөптерінің үгіндісін салып, жақсылап араластырыңыз.

Шөптердің қоспасының 1 ас қасығын термостағы 600 мл қайнаған суға салып, қақпағын мықтап жабыңыз. Таңертең тұнбаны сүзіп алып, күніне 4 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 15-20 минут алдын жүргізу керек. Ең соңғысын ұйқыға жатудан 1 сағат бұрын ішіңіз.


Бұл тұнбаның қай қайсысын дайындап ішсеңіз де пайдасы орасан. Бауырды шлактан тазартсаңыз, жалпы жағдайыңыз жақсарады. Теріңіз жасарып, жаңарады. Өзіңізді сергек сезінесіз. Бойыңызда ерекше күш-қуат пайда болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: ochishchenie.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Таңғы АСТЫ ЖЕСЕҢІЗ ағза ҚАНДАЙ КҮЙДЕ болады?


Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік


Вакцина салдырмағандар ковидпен ауырып, инфекцияны таратуы мүмкін – дәрігер