​Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КАКАО ішіңіз

0
5 975

Бар-жоғы 1 шыны какао қан қысымын түсіреді, сүйекті нығайтады және депрессиядан арылтады. Одан да басқа дертке дауа болады. Нақтырақ сілтемеден өтіп біле аласыз...


​Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КАКАО ішіңіз

фото: biofoodlab.com


Какао – хош иісімен, ерекше дәмімен кез келгеннің сүйікті сусынына айналған. Оның пайдасынан бөлек, емдік қасиеті де мол. Құрамындағы кальций, магний, темір, калий, мыс, мырыш, марганец элементтері мен А, Е, С және В1-В3 тобындағы дәрумендер адам ағзасы үшін керемет қызмет атқарады. Мәселен, магний стресспен күресіп, жүйкені тынықтырса, темір қантүзу мүшелерін жақсартады, ал кальций сүйекті нығайтады. Одан бөлек мына дертке дауа болады:


Депрессиядан арылтады

Какао B тобындағы дәрумендерге, тиамин, никотин және фолий қышқылына бай. Құрамындағы фенилэтилам көңіл-күйді көтеріп, эмоцияңызды жақсартады. Егер көңіліңізге қаяу түсіп, жабырқап жүрсеңіз 1 шыны какао демдеп ішіңіз. Бұл жүйкеңізді жақсартып, бойыңызды сергітеді. Жаныңыз тынышталып, арқаңыздан жүк түскендей керемет күйге бөленесіз. Тіпті, шаршау, әлсіздік, ашуланшақтық сынды жаман әдеттерден арыласыз.


Қан қысымын түсіреді

Дәрігерлер қан қысымы көтеріліп кететін науқастарға какао ішуге кеңес береді. Бұл емдік судың құрамындағы азот тотығы қан тамырларды босаңсытады. Осының әсерінен қан қысымы өз қалпына келеді.

фото: davlenie-norm.ru


Тәбетті төмендетеді

Диетолог мамандар какао сусынын диетаға қосуды ұсынады. Өйткені оның құрамындағы хром метаболизмді жақсартып, тамаққа тәбетіңізді төмендетеді. Егер салмағыңыздың бірқалыпты болғанын қаласаңыз, суға дайындалған қантсыз какао ішіңіз.


Сүйекті нығайтады

Какао сүйегі ауыратындар үшін өте пайдалы. Әсіресе сүйегі сынғандар мен остеопороз ауруына шалдыққандарға ем ретінде ішу керек. Какао ағзаны қажетті кальций мен фосфор элементімен байытады.


Құрсақ көтеруге көмектеседі

Какаоның құрамындағы мырыш еркектің жыныстық жасушасының саулығын арттыруға ықпал етеді. Ал мыс пен селен әйелдердегі өсіп-өну жүйесінің жұмысын белсенді етеді. Сондықтан да дәрігерлер жүкті болуды жоспарлап жүрген жұбайларға күніне 1 рет какао ішуге кеңес береді.

фото: about-tea.ru

Жүрек ауруынан сақтайды

Какао қан қысымын түсірумен қатар, жүрек ауруларынан қорғайды. Нақтырақ айтқанда жүрек ұстамасы мен инсульт алудан сақтайды. Емдік сусынның құрамындағы флаванол қандағы азот тотығының деңгейін жақсартып, қан тамырларды кеңейтеді. Қан дұрыс ағып, қалыпты айналған кезде жүректің, бауыр-бүйректің жұмысын реттеп, холестеринді төмендетеді. Қан сұйылған кезде қандағы қант мөлшері реттеледі, қабынуды емдейді әрі инсульттің алдын алады.


Күніне қанша рет ішу керек?

Емдік қасиеті мол сусынды күнде ішсеңіз де зияны жоқ. Тек суға салып қайнату керек. Қант қосудың қажеті де жоқ. Негізінде қаншалықты пайдалы болғанымен мөлшерден асып кетсе, зиян болатыны анық. Сондықтан да күніне 1 шыны какао ішуді әдетке айналдырыңыз.


Кімге ішуге болмайды?

Какаоны асқазанында гастрит, жара және он екі елі ішегінде жарасы барларға және буын ауруына шалдыққан науқастарға ішуге үзілді-кесілді тыйым салынады.


Дереккөз: rsport.ria.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Дененің ҚЫШУЫ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?


ГЕМОРРОЙҒА таза БАЛ жақсаңыз жазылады


Өсімдік МАЙЫ ішектегі ҚҰРТТЫ түсіреді