Өсімдік МАЙЫ ішектегі ҚҰРТТЫ түсіреді

0
15 039

Емді қашан және қалай жүргізу керектігі төменде жазылған


Өсімдік МАЙЫ ішектегі ҚҰРТТЫ түсіреді

фото: ok.ru

Ішектегі құртты уақытында тазаламаса түрлі аурудың пайда болуына септігін тигізеді. Кіндіктің айналасы, буын, асқазан, бауыр ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Құрттың кесірінен іш қатып, үлкен дәрет бұзылады. Ішек дұрыс жұмыс істемегендіктен асқазан, ас қорыту жүйесінің де жолдары нашарлайды. Оған қоса, теріде ақ дақ, сүйел сияқты жаралар пайда болады.

Ішектегі құртты нәжіс, қан тапсыру арқылы анықтауға болады. Сараптамаға сүйеніп дәрігер ем-шараларын жүргізеді. Негізінде құртты тек дәрімен түсіру мүмкін емес. Клизма да жасату керек. Жалпы, ішек құрттарын халықтық әдіспен де тазалауға болады. Ендеше, ағзаға зиянсыз әрі тиімді ем жолдарына назар аударыңыз...


Емнің нәтижесі керемет болу үшін мына 3 кезеңнен өтесіз:


Дайындық кезеңі

Ағзаны құрттан тазалаудан алдын шлактан, улы заттан құтылуымыз керек. Ол үшін бір апта бойы асқабақ майын ішіңіз.


Құрттан тазарту кезеңі

Бір аптадан соң құрт түсіретін шөптерден дайындалған тұнба ішесіз.


Қалпына келтіру кезеңі

Құрт пен шлактан тазаланған ағзаны қалпына келтіру үшін қатаң түрде диета ұстау керек. Одан бөлек, ағзаны қалпына келтіретін дәрумендер қабылдап, салауатты өмір салтын ұстануға тиіспіз.

Міне, осы үш кезеңге мұқият болсаңыз, көп ұзамай құрттан арыласыз.

фото: pechen-help.ru


Адам ағзасында құрттың неше түрі өмір сүреді. Әрқайсысының емі мен құтылу жолы әртүрлі. Бір құрттың бір ғана емнен соң-ақ көзін жойсақ, енді бірінің тазалануына көптеген уақыт қажет болады. Ендеше, әртүрлі құртты халық әдіспен кетірудің жолдарын қарастырайық...


Аскаридоз бен энтеробиоз құртын тазалау үшін

Бұл құрттардың көзін пияз, сарымсақ, түрлі дәмдеуіштермен бірге мына заттар құрта алады.


Сарымсақ

1 апта бойы таңертең ашқарынға 2-3 тіс сарымсақ жеңіз.


Пияз тұнбасы

  • 1 дана пиязды жақсылап езесіз. Сондай көлемде арақ қосып, араластырыңыз. Ыдыстың бетін жауып, бір аптаға қалдырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан 3 күн ішесіз. Емді таңертең және кешке қабылдау керек.
  • Орташа көлемдегі бір пиязды ұсақтап тураңыз. Оған аздап тұз бен өсімдік майын араластырып, жейсіз. Емді түнде жататын кезде қабылдаңыз. Емделу мерзімі – 5 күн.


Асқабақ дәні

  • 100 гр. қабығынан тазартылған асқабақ дәнін езесіз. Оған 0,5 стақан өсімдік майын араластырып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең ашқарынға жейсіз. Емделу мерзімі – 3 күн. 2 тәуліктен соң тағы бір рет қайталайсыз.
  • 30-40 гр. езілген асқабақ дәніне бал қосып, жейсіз. Емді таңертең ашқарынға қабылдау керек. Бір сағаттан соң іш жүргізетін дәрі ішіңіз.


Грек жаңғағы

4 ас қасық жасыл грек жаңғағын стақанға саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң аз-аз жұтымнан күні бойы ішіңіз. Артынан міндетті түрде іш жүргізетін дәрі ішу керектігін ұмытпаңыз.

фото: pro-orehi.ru


Анар қабығы

1 шай қасық ұнтақталған анар қабығын 1/2 стақан қайнаған суға салып, демдейсіз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Емді аптасына 2 рет жүргізу керек.


Шөптер жинағы

Бірдей көлемде кептірілген түймешетен (пижма) гүлін, түймедақ (ромашка) және жусанды (полынь) араластырыңыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 25-30 минуттан соң сүзіп алып, ішіңіз. Емді 3 күн қабылдау креек.


Лямблия құртын тазалау үшін

Бұл құрттың дауасы – сарымсақ пен ақжелкек.


Сарымсақ тұнбасы

Бұл емді кез келген жастағыларға жасауға болады. 200 мл арақты қою түсті шыны ыдысқа құясыз. Оған 50 гр. сарымсақ салып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 1 аптадан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алыңыз. Тұнбаның 20 тамшысын суға немесе сүтке араластырып тамақтан алдын ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

Ал егер балаға жасайтын болсаңыз, жасына қарай 1 тамшы болады. Мәселен, 6 жастағы балаға 6 тамшыны 1 стақан суға араластырып ішкізіңіз.

фото: babyfoodtips.ru


Ақжелкек

2-3 түн ақжелкекті тазалап ыдысқа салыңыз. Үстіне салқын су құйып, қақпағын мықтап жабу керек. Бөлме температурасында 3 тәулік тұру керек. Сосын сүзіп алып, сондай көлемде бал араластырыңыз. тағы да қақпағын жауып, 3 күнге қалдырасыз. Арасында жиі-жиі қозғап тұруды ұмытпаңыз.

Белгіленген күннен соң дайын болған қоспаны күніне 3 рет, тамақтанудан 15-20 минут бұрын қабылдау керек.

Ересектер мен 10 жастан асқандарға 1 ас қасықтан, 1-10 жастағыларға 1 шай қасықтан, ал жасына толмағандарға жарты шай қасықтан ішу керек. Емделу мерзімі – 10 күн.


Міне, осы халықтың тәсілмен ем жүргізе отырып, ішек құрттарынан біржолата құтылыңыз. Құртты қазір құртпасаңыз, ертең сізді құртуы ғажап емес.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кешегі ТАМАҚТЫ жылытып ЖЕСЕҢІЗ не болатынын білесіз бе?


Дененің ҚЫШУЫ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?


АСҚАЗАНДЫ тазартқыңыз келсе САРЫСУ ішіңіз