​ІРІҢДІ ангинаны ҚАЛАЙ емдеп жүрсіз?

0
12 167

Уақытында емдемесе, салдары өте ауыр болуы мүмкін.


​ІРІҢДІ ангинаны ҚАЛАЙ емдеп жүрсіз?

фото: tacon.ru

Ангина (баспа) – тамақ ауруы. Алдымен ісінеді, сосын қызарады. Егер дер кезінде ем бастамасаңыз іріңдейді. Ал іріңді ангинаны міндетті түрде антибиотикпен емдеу керек. Бадамша бездерінің іріңді қабынуын уақытында емдемесе, салдары өте ауыр болуы мүмкін.


Ауру неден пайда болады?

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, іріңді ангинаның ең көп таралған қоздырғыштары стрептококк болып табылады. Одан бөлек, инфекция, вирус, бактерия да себеп болады. Біз салқын су ішкеннен, балмұздақ жегенннен немесе желдеткішті қосып отырғаннан деп ойлаймыз. Жоқ, бұлар тек көзге көрінуіне себепші болады. Одан бөлек:

  • иммунитеттің төмендігі;
  • көмейдің тітіркенуі;
  • басқа созылмалы аурулардың болуы;
  • ауыз қуысында инфекцияның болуы (стоматит, шірік тістер және т.б.);
  • гипотермия, шамадан тыс жұмыс, стресс;
  • алкогольдік сусын ішу, темекі шегу себеп болады.

фото: renewal.ru

Аурудың белгісі:

Іріңді ангина 2-3 күнде жазылатын ауру емес. Сіз тамағыңыздың ісініп, қызарғанын сезбеуіңіз мүмін. Егер осын кезде салқын су ішіп қойсаңыз онда ауру асқынады. Нәтижесінде:

  • дене температурасы 39 градусқа көтеріледі;
  • бас айналады, бойыңызды әлсіздік билейді, тұла бойыңыз қалтырайды;
  • жүрек айниды, құсу болады;
  • лимфа түйіндері айтарлықтай ұлғаяды.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуі мазаласа да дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Алдын алсаңыз емделу әлде-қайда оңай болады.


Ауруды қалай емдейді?

Тек тамақты шаюмен дертіңізге дауа таба алмайсыз. Ангинаны емдеу әдісі жиынтық жүреді. Бір ғана дәрімен емделемін десеңіз қатты қателесесіз. Көбінесе іріңді ангинаны емдеу үшін мына дәрілер ұсынылады:

  • Пенициллиндер: «Амоксициллин», «Амоксиклав», «Аугментин», «Флемоксин», «Амоксиклав», «Бициллин».
  • Цефалоспориндер: «Цефазолин», «Цефаликсин», «Цефтриаксон», «Цефуроксим».
  • Макролидтер: Кларитромицин, Эритромицин, Азитромицин және т.б.

Бұл дәрі немесе екпе ауруды емдейтін жүйелі антибиотик болып табылады. Олар бүкіл денеге әсер етеді, соның ішінде асқазан-ішек жолдарының пайдалы микрофлорасына теріс әсер етеді. Сондықтан дисбактериоздың дамуын болдырмау үшін осы еммен қоса пробиотиктер қабылдағаныңыз жөн.

Жалпы, іріңді ангина кезінде дәрігер көбінесе бұлшықет ішіне инъекция түрінде антибиотиктерді тағайындайды. Бұл жылдам жазылуға ықпал етеді.

фото: medweb.ru

Ауруды емдеу әдісі

Іріңді ангинаны емдеу антибиотиктерді қолданумен шектелмейді. Одан бөлек, мына әдісті міндетті түрде жасау керек.

  1. Төсек режимін сақтаңыз. Аурудың алғашқы күндері міндетті түрде сыртқа шықпай жатыңыз. Себебі ағзаңыз сырттағы вирусты, инфекцияны жұқтырып алуға дайын тұрады.
  2. Көп сұйықтық ішіңіз. Сұйық демделген жылы шай, емдік шөптердің қайнатпаларын ішіңіз. Бұл тамақтың іріңді шырышты қабығын жуады, жиналған токсиндерді және дәрілік заттардың ыдырау өнімдерін тез жоюға көмектеседі.
  3. Диета сақтаңыз. Тым қатты тағамды жемеңіз. Өзі әлсіреп зардап шегіп тұрған тамағыңызды жырып кетсе, жазылуы қиынға соғады. Оған қоса, ащы, майлы, қуырылған, қақталған тағамдар мен газды сусынды шектеңіз. Тым ыстық не суық тағамды да тұтынбау керектігін ескеріңіз. Мейлінше жұмсақ, жылы тағамды қорек ету керек. Картоп езбесі, қайнатпа сорпа керемет азық болады.
  4. Тамағыңызды шайыңыз. Күніне 3 рет шаю керек деп шектемеңіз. Тамақтан алдын, тамақтан соң мәндетті түрде фурацилин ерітіндісімен тамағыңызды шайыңыз. Тұз бен сода араластырып шаюға да болады.


Аурудың алдын алу үшін

Ангина жұқпайды, бірақ оны қоздырушы вирус жұғады. Сондықтан науқасты оқшаулау керек. Өзі ғана қолданатын ыдыс-аяқ, сүлгі, төсек жаймасы болғаны жөн. Сонда үйдегі басқа адамның ауруына жол бермейміз. Жалпы, кез келген аурудан алыстау үшін:

  • иммунитетіміз мықты болуы керек. Ол үшін денемізді шынықтырып, жаттығу жасап жүріге әдеттеніңіз;
  • ағзаға зиян келтіретін жаман әдеттерден (темекі шегу, арақ ішу) бас тартыңыз;
  • дәруменге, минералға және микроэлементтерге бай табиғи әрі сапалы тамақтаныңыз;
  • үйіңізді, жұмыс бөлмеңізді таза ұстаңыз. Бөлменің температурасы қалыпты болуы тиіс. Күніне 2 рет ылғалды сүлгімен сүртыңыз.
  • Салқын тигізіп алудан сақтаныңыз. Азынақ желде, кондиционер жанында отырудан абай болыңыз. Салқын кезде жылы киініңіз. Басыңызға да киюді ұмытпаңыз.


Дереккөз: globalmedclub.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖАЗДА мазалайтын МЫНА ауруды қалай ЕМДЕУ керектігін білесіз бе?


«С» вирусты гепатитті емдемесе бауырда қатерлі ісік пайда болады – дәрігер


АЯҒЫҢЫЗ ауырса МАЙ жағыңыз