​АЯҒЫҢЫЗ ауырса МАЙ жағыңыз

0
3 980

Емді күніне 3 рет жүргізсеңіз, аяғыңыздың ауырғаны біржолата қояды.


​АЯҒЫҢЫЗ ауырса МАЙ жағыңыз

фото: holera-ham.livejournal.com

Аяқты ұрып алған жағдайда қатты ауырады. Бірақ шамалы уақыттан соң ауырғаны басылады. Ал егер шыдатпай ауырса онда емделу әдісін бастаңыз. Уақыт созбасаңыз, аяқ ауруынан оңай құтыласыз. Күні бойы ауырған аяғыңызды кешке емдеп алуға болады. Ол үшін мына халық әдісін қолданыңыз.


Алоэ мен май

Бірдей көлемде алоэ шырыны мен майды (жалбыз, қалампыр, эвкалипт, қысшылшөп, камфара) араластырыңыз. Бұл майдың қайсысын болса да дәріханадан табуға болады. дайын болған сұйықтықты аяғыңыздың ауырған тұсына жағасыз. Емді күніне 3-4 рет жағып, сыртынан қалың матамен орап қоясыз. Бұл емдік қоспа буын, бұлшықет, остеохондроз ауруларына керемет ем болады.

фото: fb.ru

Желатин

1 құты желатинді эмаль ыдысқа саласыз. Үстіне салқын су құйып, бетін жауып қоясыз. Екі есеге көтерілген кезде ыдысты отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң оған 1 стақан жаңадан сығылған асқабақ, жарты стақана таңқурай тосабы мен қаражидек шәрбатын қосасыз. Үздіксіз қозғай отырып, қайнауға дейін жеткізіңіз.

Дайын болған қайнатпаны шыны ыдысқа құйыңыз. Салқындаған кезде тоңазытқышқа қойыңыз. Тура 12 сағаттан соң 1 шай қасықтан жейсіз. Емді күнде бір уақытта бірдей көлемде қабылдау керек.


Лавр жапырағы

Эмаль ыдысқа 2 стақан ұнтақталған лавр жапырағын саласыз. Үстіне 500 мл қайнаған су мен 1 стақан күнбағыс майын қосып, отқа қоясыз. 30 секунд қайнаған соң отын бәсеңдетіп, тағы да 15 минут қайнату керек. Дайын болған қайнатпаға 5 ас қасық құрғақ қышаны салып, жақсылап араластырыңыз. Осы қоспадан жарты стақан алып, шараға құйыңыз. Үстіне 2-3 литр жылы су құйып, аяғыңызға бұлау жасайсыз. 15 минуттан соң аяғыңызды құрғатып сүртіп, жылы орап жатыңыз.


Емдік шөптер

Бірдей көлемде (1 десерт қасық) қайың бүршігін, шайқурайы (зверобой), андыз (девясил), қырықбуын (хвощ), түймедақ (ромашка), жүрегі шашағы, қаражидек, жалбыз, қалақай және зығыр дәнін алып, араластырасыз. Оған несеп айдайтын шай қосыңыз. Бұл емдік шөпті 7 литр қайнаған суға құйып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 250 мл-ден ішесіз. Татымы ұнамаса бал қосуға болады. емді күніне 4 рет жүргізу керек.

фото: zdorovieinform.ru


Аяқтың ауырғанын 5 минутта басуға болады

Аяғыңызды демалдырыңыз

Мүмкіндік болса аяғыңызды жүрек тұсынан жоғары көтеріп жатыңыз. Бұл әдіс қанның веноздық ағуын жақсартады, ісінуді азайтады және бұлшықеттерді босаңсытады.


Компресс жасаңыз

Аяғыңыздың ауырған тұсына мұз салынған мата байлаңыз. Осылайша 20 минут жатсаңыз, ауырғаны басылады. Емді күніне 3 рет жүргізсеңіз, аяғыңыздың ауырғаны біржолата қояды.


Ауруды басатын дәрі ішіңіз

Аяғыңыз қатты ауырып, маза бермесе, ибупрофен ішіңіз.


Массаж жасаңыз

Ұзақ уақыт жүрсеңіз, жүгірсеңіз, аяғыңыздан тік тұрып салмақ түсірсеңіз, онда аяғыңызға массаж жасаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: kuban24.tv


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МАСА шаққанда денеңізге ҚАРА БҰРЫШ майын жағыңыз


«С» вирусты гепатитті емдемесе бауырда қатерлі ісік пайда болады – дәрігер


ІШЕКТІҢ жұмысын піскен АЛМА жақсартады