"Тойымыз ауылда болғандықтан ешқандай естелік жоқ": Гүлзира Айдарбекова той күніндегі жалғыз суретімен бөлісті

0
2 801

Продюсер: "Алғаш осындай шляпа мода болып, соны кигеніме мәзбін"


Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің тойынан естелік болып қалған екі-ақ суреті барын айтады. Оның өзі "некеге тұрған сәттен" деген продюсер, ол кезеңде фотоаппарат пен камера тапшы болғандықтан, үйлену тойларынан мүлде естелік қалмағанын жеткізді.

Өзінің сол екі суретінің бірін жариялаған ол "Біздің той күніндегі жалғыз естелік суретіміз.Тура осы тұрыста қыз жолдас пен күйеу жолдас төртеуіміздің тағы бір көрінісі бар болды. Осы кезге дейін келіншектер басына фата киетін, алғаш осындай шляпа мода болып, соны кигеніме мәзбін. Ол кездері ұялы телефон да, видео деген де жоқ, заксте тек осы жерге не болмаса мешіттің алдына барып арнайы фотографқа барып суретке түсетінбіз. Ал тойымыз ауылда болғандықтан ешқандай сурет те видео да ешқандай естеліктер жоқ. Қазіргі дамыған заманда не жоқ бәрі бар. Біз көрмеген жақсы дүниенің бәрін ұрпағымыз көрсінші деп, балаларымыздың бақытын тілеп отырамыз. Алла солардың қызықшылығын көруімізді жазсын!" деп жазды.

Олардың бұл суретін көрген желі оқырмандары өздерінің де жас кезін еске алып, "Меніңде осындай суретімен бар, баста шляпа .Йә сол кездері модаға шыққан .Мен 1988-де тұрмысқа шықтым. Енді балапандарыңыздың қызығын көрейік", "Бақытты болыңыз әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін бақыттың базарында алланың назарында жүре беріңіз", "Қыздың да, жігіттің де шаштары химия дейсіз. Иә, жастық шағымыз- сағыныш..." деген пікірлерін қалдыруда.