«Біздің халық «проблема» деген сөзді көп айтады» : Айнұр Тұрсынбаева проблеманы жеңу туралы айтты

0
2 917

«Сіз жақұттай жалтырап тұрсаңыз, күйеу ешқайда қашпайды».


«Біздің халық «проблема» деген сөзді көп айтады» : Айнұр Тұрсынбаева проблеманы жеңу туралы айтты

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева айтыскерлігінен бөлек психологиялық курстар өткізіп жүргенін жақсы білеміз. Ол инстаграмдағы парақшасында бірнеше проблеманы жіліктеп, одан шығу жолдарын көрсетті.



Ал желідегі оқырмандар: «Бізде көп адамдар проблема емес нәрсені проблема деп біледі. Сіз айтқандай барлығымыз барлығын өзімізден бастасақ, бүкіл дүниені өзгертуге болады», «Мен өзімді емес, өзгелерді көп кінәлайды екенмін. Енді түсіндім», «Өзіңмен алыс өлгенше», «Керемет, 100 пайыз қосыламын, басқадан көріп жатқан кемшілік пен жамандық өзіміздің бойымызда бар екендігі, сондықтан өзімізді өзгертсек, кемшілігімізді мойындай білсек, үйренсек, өмір тамаша болады» деген сияқты комментарийлерін қалдыруда.

Айта кету керек, Айнұр Тұрсынбаева жақында ғана әлеуметтік желіде тапқырлығымен тәнті еткен кішкентай Мұхамед Қанатұлының анасына қажылыққа жолдама сыйлаған болатын.