​«Аяғы көгерген... Кіндігі ашық... Масқара...»: Актриса Жұлдыз Абдукаримованың видеосы желіні шулатты

0
7 093

«Қайрат қызғаныштан іші күйіп, ішіп кетпесін»


​«Аяғы көгерген... Кіндігі ашық... Масқара...»: Актриса Жұлдыз Абдукаримованың видеосы желіні шулатты

Жаңа жылды Қайратсыз, төрт баласымен Катар елінде қарсы алып жатқан актриса Жұлдыз Абдукаримованың видеосы желіні жарды.


«Теңіздің бір тілімі және мен» деп жазба қалдырып, жағажайда демалып жатқан Жұлдыздың видеосына 60 мыңға жуық адам лайк басып, 4 мың адам әртүрлі пікір білдіріпті.


«Жас келген сайын ақыл кіріп, ой тоқтататын еді, бұлар жасы келген сайын шешінетін болды ғой», «5 бала таптық деп семіріп алдық. Жұлдыздан да 4 бала шықты, бірақ фигурасы қыздай ғой, шіркін», «Судың жағасында оранып жүрмесе керек, жап-жас, ашық жүргені өзіне жарасып тұр», «Дұрыс, Қайрат басқалармен көңіл көтеріп жүргенде Жұлдыз неге жабырқауы тиіс, жүрсін, көрсін, қыдырсын!», «Ата-енесінен ұялмай ма?», «Аяғы көгеріп кетіпті», «Қайрат қызғаныштан іші күйіп, ішіп кетпесін», «4 баланың анасы деп айтпайсың, от қой, от», «Қыстың жаз болғанынан, қатынның қыз болғанынан сақта деуші еді апам»деп жазды көпшілік.


Айта кетейік, бірнеше жылдан бері Қайрат Нұртас әйелімен ажырасып кетіпті деген қауесетке тоқтау жоқ. Жұлдызды жұпты ел біресе ажыратып, біресе қосып жүр. Ал таяуда Қайраттың өзі «Инстаграм» парақшасы арқылы отбасына өлең жолдады. «Отбасым – ол асқары арманымның, Әрбір атқан арайлы таңдарымның. Ұл-қыз үшін – әкелік талпынысым. Жігерімді арнасам жанұяма, Жыр-әнімді арнадым халқым үшін! Жаратқанға мың алғыс әр күн үшін! Жұлдыз, жақында келем, күт мені» деп жазды әнші.