ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды

0
18 444

Қалай және қашан қолдану керектігін толық білу үшін сілтемеге өтіңіз. Керемет нәтижесіне 3 күнде-ақ көзіңіз жетеді.


ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды

фото: ok.ru

Кез келген адамның ішегінде құрт болады. Оның көбеюіне жеке бастың тазалығын сақтамау, жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жемеу себеп болады. Ішек құрттардан арылу үшін медицина мамандары түрлі дәрілерді ұсынады. Алайда оның орнына халықтық әдісті қолдансаңыз, нәтижесі жедел әрі пайдасы орасан болады. Бұл әдіс ішекті құрттан ғана емес, шлактан, уыттан, зиянды заттардан да тазалайды.


Егер ішек құрттардан тазарса, ағзаның саулығы жақсарады, жалпы қан айналым реттеледі әрі тері тазарады.

Ішекте құрттың бар-жоғын нәжіс сараптамасы арқылы анықтауға болады. Одан бөлек мына жағдайлар да ішекте құрт бар екенін білдіреді:

  • іштің жиі қатуы немесе өтуі;
  • ішектің желденіп, кебуі;
  • құсу, лоқсу;
  • терінің қуқылдануы;
  • бас ауру;
  • ұйқысыздық;
  • жиі шаршау;
  • себепсіз жөтелу;
  • анал тесігінің қышуы;
  • салмақ жоғалту;
  • аллергиялық қышыма;
  • түнде тісті қайрау.

Ішекті құрттан құтқару үшін алдымен ағзаны шлактан тазалау керек. Ол үшін бір апта бойы тәулігіне 3 рет асқабақ майын ішесіз. Емді тамақтан жарты сағат алдын жүргізу керек. Осыдан соң емді бастасаңыз болады.

Емнің тез әрі нәтижелі болуы үшін тамақтану мәзіріне де мұқият болғаныңыз абзал. Айталық, сүтке дайындалған ботқа, сүт өнімдері, балғын шырын, қақталған, майлы және тәтті тағамдарды уақытша ұмытасыз. Есесіне, таза ауада серуендеп, суды көбірек ішіңіз. Мейлінше балғын көкөністерді жеңіз. Ағзаны дәрумендер мен минералдармен байытқаныңыз жөн.

фото: aworms.ru
Ендеше, үй жағдайында мына әдіспен ішек құрттан құтылыңыз:


Грек жаңғағы

Бірнеше грек жаңғағының ішкі қабығын ұнтақтайсыз. Оның 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ересектерге 0,5 стақаннан, ал кішкентайларға 1/4 стақаннан күніне 2 рет ішу керек. Емделу мерзімі – 14 күн

Бұл тұнба ішекті құрттан тазалайды, асқазан-ішек жолдарындағы ауруды емдейді әрі зат алмасуды жақсартады.


Сарымсақ

  • 10 дана кішкентай көлемдегі сарымсақты айранмен бірге жұтасыз. Егер сарымсақты ұсақтап жейтін болсаңыз, ол ішекке жетпейді, асқазанда қорытылып кетеді.
  • бір литрлік банкіге толтырып сарымсақ саласыз. Үстіне 50 пайыздық спирт құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 2 аптадан соң дайын болған тұнбаны сүтке араластырып қабылдайсыз. Ол үшін 1 стақан жылы сүтке 10-15 тамшы тұнба жеткілікті. Бұл әдістің құртты түбегейлі жоятынына сенімді болыңыз.


Сода

1 шай қасық соданы 1 шыны қайнаған суға араластырасыз. Сусын салқындаған соң әр 10 минут сайын 1 шай қасықтан қабылдайсыз. Емделу ұзақтығы – 7-10 тәулік.

Тап осы сұйықтыққа 10 тамшы йод қосып ішсеңіз, ағзаны бүкіл улы заттан тазартасыз.


фото: aworms.ru

Пияз

  • ұсақтап туралған пиязды жарты литрлік банкіге саласыз. Толтырып арақ құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Банкіні 10 күнге күн тимейтін жерге қою керек. Белгіленген күннен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1-2 ас қасық ішесіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізу керек.
  • ұсақтап туралған пиязды стақанға саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып қоясыз. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан 2 рет ішесіз. Емді 3-4 күн жүргізу керек.


Қалампыр мен жусан

Жусанды (полынь) тұнба күйінде, ал қалампырды (гвоздика) ұнтақ түрінде қолдану керек. Ол үшін 1 стақан жусан тұнбасына 1 ас қасық қалампыр ұнтағын араластырып, күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтан кейін жүргізу керек.

Емдік қасиеті мол тұнбаны алғашқы күні 0,5 грамнан, екінші күні 1 грамнан, үшінші күні 1,5 грамнан қабылдайсыз. Осы мөлшермен 10 күн бойы ем жүргізесіз.


Ашытылған қырыққабат

Ашытылған қырыққабаттың 100 мл сөлін тамақтан алдын ішесіз. Бір күн бойы 200 гр. аштылған қырыққабат жеуге әдеттеніңіз.

Ескеріңіз! Ашытылған қырыққабатты асқазан, ішек және несеп жолдары ауыратындарға, қан қысымы жоғары жандарға жеуге болмайды.


Цитрусты жемістер мен бал

1 дана апельсинді сығып шырынын аласыз. Оған 1 ас қасық бал араластырып, ішесіз. Емді таңертең және кешке жүргізу керек. Бұл емді әсіресе, кішкентай балаларға берсеңіз болады.

Ал асқазанында гастрит болса немесе қышқыл көбейген болса, онда бұл шырынды ішуге болмайды.


Анардың қабығы

10 гр. кептірілген қабықты ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан су құйып, отқа қойыңыз. 10 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,5 шай қасықтан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КҮКІРТІ жоқ СІРІҢКЕ терідегі СҮЙЕЛДІ кетіреді


СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады


АВИТАМИНОЗДЫҢ маңызды ТОҒЫЗ белгісі