​АСҚАЗАНДЫ тазартқыңыз келсе САРЫСУ ішіңіз

0
17 811

Қашан, қалай және қанша ішу керектігі төменде толық жазылған


​АСҚАЗАНДЫ тазартқыңыз келсе САРЫСУ ішіңіз

фото: modnaya-eda.ru


Сарысу – сүт өнімі. Ол ірімшік немесе сүзбе дайындағанда пайда болады. Оны сүт өнімдерін сататын кез келген дүкеннен, базардан таба аласыз. Аталған сұйықтықты көбінесе ас үйде қолданады. Нан, тоқаш, тәтті пісіретін қамырға қосса, пісірме керемет болады. Сондай-ақ, оның денсаулыққа да пайдасы туралы көптеп айтылады әрі бірнеше дертке дауа болады.


Сарысудың құрамында май жоқ, есесіне ақуызға бай. Оған қоса ағзада оңай қорытылатын қантты кездестіруге болады. Сондай-ақ, калий, кальций, магний, фосфор элементтері мен көптеген дәруменнің қайнар көзі.


Ағзаға пайдалы табиғи өнімді күнде ішсеңіз де болады. Емдік қасиеті мол сусын ең алдымен ағзаны ШЛАКТАН тазалайды.

фото: web.archive.org


Аштықты сездірмейді. Оны көбінесе артық салмақтан арылғысы келетіндер сусын ретінде ішеді. Себебі сарысудың құрамында адамға күш-қуат беретін пайдалы заттар бар.


Сарысудың емдік қасиеті мол. Нақтырақ айтанда:

  • бүйрек пен бауырдың жұмысын жақсартады;
  • ішектің саулығын реттейді;
  • ағзадағы артық сұйықтықты сыртқа шығарып, улы заттар мен шлактан тазалайды;
  • ревматизм, гипертония ауруларын емдейді;
  • қан айналымды жақсартып, атеросклероздың алдын алады;
  • терінің, шырышты қабықтың, асқазан мен ішектің қабынуын болдырмайды;
  • жүйкені тынықтырады;
  • теріні тазартып, жасартады;
  • жүкті әйелдерге пайдасы ұшан-теңіз екенін біле жүріңіз.


САРЫСУ ҚАНДАЙ АУРУҒА ЕМ БОЛАДЫ?

1. Асқазан-ішек жолдары, бауыр мен бүйрек ауруларында сарысу шипа болады. Әсіресе созылмалы гастрит, панкреатит, энтерит, энтероколит, дисбактериоз және іш қату, бауыр ауруы, тамақтан улану, гипертония кезінде күнде сарысу ішуге тырысыңыз.

2. Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларына ем болады. Сарысу ішу арқылы атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қыспасы (стенокардия), инфарктан кейінгі кардиосклероз, қан айналымның нашарлауы, гипертониялық ауру кезінде сарысу ішу ұсынылады.

3. Ми тамырлары ауруларын да сарысудың көмегімен емдеуге болады. Нақтырақ айтқанда ми атеросклерозы мен мидың қан айналымының нашарлауын қалпына келтіреді.

4. Эндокринологиялық ауру, қант диабеті.

5. Тыныс жолдарының созылмалы ауруына керемет ем болады. Әсіресе тонзиллит, фарингит, гайморит, бронхит, пневмония секілді дерттен айыққыңыз келсе, сарысу ішіңіз.

6. Әйелдерде кездесетін ауруларға да ем екен. Сары су созылмалы жатыр қосалқы бөлігінің қабынуы (аднексит), қынаптың қабынуы (кольпит) және жатыр мойнының жалақ жарасын емдеуге қабілетті.

7. Тері ауруларынан да айықтырады. Егер сіздің асқазан-ішек жолдарыңыз ауырып, теріге теріс әсер берген болса, онда дереу сарысу ішіңіз. Оған қоса, терінің майлануын, бөртпені, диатез, псориаз, аллергия секілді ауруларға ем болады.

фото: www.dtroll.ru


САРЫСУДЫ ҚАЛАЙ ІШУ КЕРЕК?

Сарысуды су сияқты кез келген уақытта іше беруге болмайды. Оның да мөлшері мен уақыты болатынын ескеріңіз. Мәселен:


Қант диабеті ауруын емдеу үшін 200 гр. сарысуды теңдей етіп үшке бөлесіз. Сөйтіп күніне 3 рет тамақтанудан алдын ішіңіз. Сонда инсулин дұрыс бөлініп, гормон жақсы жұмыс істейді. Егер осылайша тұрақты түрде ішетін болса, науқастың қант деңгейі реттеледі.


Панкреатит ауруын емдеу үшін күніне 2 стақан сарысу ішіңіз. Емді үзбей 10 тәулік жалғастырсаңыз, асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Әрі ағзаны қажетті макро-микроэлементтерге және дәруменге байытады.


Ішек жұмысын жақсартып, артық заттардан тазалау үшін ашқарынға 2 шай қасық тұз қосылған 1 стақан сарысу ішуді әдетке айналдырыңыз. Сол кезде ішектің жұмысы жақсарып, шырышты қабықтың қабынуын болдырмайды.


Ал ішектегі құртты түсіру үшін 1 стақан сарысуға 1-2 тіс езілген сарымсақты араластырып ішесіз. Емді ашқарынға 4 күн бойы ішсеңіз, құрттан да, басқа да улы заттан құтыласыз.


Іш қатуды емдеу үшін 0,5 стақан сарысу мен 0,5 стақан сәбіз шырынын араластырасыз. Оны ашқарынға ішсеңіз ішектің жұмысын белсенді етеді әрі шлакты шығарады.


Құяң ауруын емдеу үшін күніне 1 стақан сарысу ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек. Сарысу ағзадағы артық тұзды шығарып, буынның саулығын жақсартады.


Бауыр ауруын емдеу үшін 3 күн бойы үзбей 300 мл сарысу ішіңіз. Сонда ағзаны улы заттан, шлактан тазартады. Бауырдың жұмысын жақсартады. Ағза жоғалтқан дәрумендер мен минералды заттың орнын толтырады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: narodnoelechenie.blogspot.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АУРУДЫ емдеу үшін ДӘРІНІҢ орнына ДӘМДЕУІШ қолданыңыз


Кешегі ТАМАҚТЫ жылытып ЖЕСЕҢІЗ не болатынын білесіз бе?


Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады