Мына АУРУДЫ емдеу үшін ДӘРІНІҢ орнына ДӘМДЕУІШ қолданыңыз

0
10 255

Бұл туралы естуіңіз бар ма?


Мына АУРУДЫ емдеу үшін ДӘРІНІҢ орнына ДӘМДЕУІШ қолданыңыз

фото: aliexpress.ru


Әрбіріміздің ас үйімізден түрлі дәмдеуіштер табылады. Оны тамаққа ерекше дәм мен хош иіс беру үшін қасамыз. Алайда осы дәмдеуіштердің денсаулыққа да пайдасы орасан екен біле бермейміз. Тіпті, мына дерттен дәмдеуіштің көмегімен дәрісіз де арылуға болады. Нақтырақ айтқанда:


ЖЕБІРШӨП – пайдалы заттарға бай. Оның құрамында адам ағзасы үшін өте бағалы тинол заты бар. Ол өз кезегінде антисептикалық және қышымаға қарсы дәрінің қызметін атқарады. Оған қоса, иммунитетті нығайтады, шаштың саулығын жақсартып, теріні нәрлендіреді.

Жебіршөп (тимянь) алма және сірке су қышқылының, каротиннің, В және С дәрумендерінің қайнар көзі. Сондықтан да саулығыңызды жақсартып, иммундық жүйеңізді көтергіңіз келсе, аталған дәмдеуішті шайға, тамаққа, салатқа қосыңыз.


ҚАЛАМПЫР – А, С, Е, К және В тобындағы дәрумендерге бай. Сондай-ақ, омега-3 және 6 қышқылы мен темір элементінің қайнар көзі болып табылады. Құрамы қазынаға бай қалампыр (гвоздика) ағзаны улы заттан, шлактан тазалайды, аққан ауруын болдырмайды, қан ауруларының алдын алады және асқазан мен ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады.

Қалампырды шайға және ет тағамдарына қосуға болады.

фото: wall.alphacoders.com


ҚАРА БҰРЫШ – протеин затына, жасұныққа, дәруменге, эфир майына және минералдарға бай. Осындай пайдалы қасиетінін арқасында зат алмасуды жақсартады, мидың қан айналымын реттейді, есте сақтау қабілетті жақсартады.

Қара бұрыштың құрамындағы кей заттар жүйкені тынықтыруға қабілетті. Сондықтан да халық емшілері депрессияға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданады.

Емдік қасиетімен қоса, ерекше дәм беретін қарабұрышты шайға, сусынға, ет және көкөніс тағамдарына қосуға болады.


ЗІМБІР – суыққа қарсы күресетін керемет дәрі. 1 шыны зімбір (имбирь) қосылған шай ішсеңіз, денеңізді жылытып, бойыңызды билеген аурудан айықтырады. Халық емінде асқазан, ас қорыту жолдарының ауруын, іш қату, кебу, өту, құсу сынды жайсыздықтарды емдеу үшін үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар, диабет дертіне де дауа болады. Зімбір қандағы қант мөлшерін реттеп, ісік пен қабынуды емдейді. Оған қоса, салмақты бір қалыпты ұстауға ықпал етеді әрі дененің май басуына жол бермейді.

фото: about-tea.ru


ДАРШЫН – калий, марганец, темір, күкірт, мыс элементтерінің қайнар көзі. Сонымен қатар, А, B1, B2, B9, С, Е, К дәрумендеріне бай. Құрамы бағалы қазынаға бай даршынды (корица) иммунитетті нығайту, есте сақтау қабілетті жақсарту, көздің қырағылығын арттыру үшін қолдануға кеңес береміз. Оған қоса, Альцгеймер ауруының алдын алады, қандағы холестерин мөлшерін реттеп, жүйкені тыныштандырады.

Түрлі дерттің дендеуіне жол бергіңіз келмесе, кез келген тамаққа, пісірмеге, шайға, ботқаға баршын қосуды әдетке айналдырыңыз.


Ас үйіңіздің сөресінде самсап тұратын дәмдеуіштерді шетке ысырмай, дәм беру үшін және денсаулықты жақсарту үшін көбірек қолданыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: kubnews.ru



Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Баланың ҰЙҚЫСЫ қанбай, тамаққа ТӘБЕТІ нашарласа ҚҰРТҚА сараптама жасатыңыз – дәрігер


Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады


ТҰМАУМЕН ауырғанда ЛИМОН қосылған СУ ішу ҚАУІПТІ