​ТҰМАУМЕН ауырғанда ЛИМОН қосылған СУ ішу ҚАУІПТІ

0
7 069

Бұл қателікке ешқашан жол бермеңіз!


​ТҰМАУМЕН ауырғанда ЛИМОН қосылған СУ ішу ҚАУІПТІ

фото: sportobzor.ru


Суықтаған кезде көпшілігіміз халық еміне жүгінеміз. Үйде өз бетімізше ем қабылдап, дерттің бетін қайтаруға тырысамыз. Екпе салдырып, тәніңді ауыртқанша, дәрі ішіп ағзаны улағанша, үйде ем жүргізуді жөн санаймыз. Алайда ауруды емдеу үшін жасаған әрекетіміз керісінше, айықпас дертке шалдықтыру қаупін туғызады. Сондықтан да суықтап, тұмаумен ауырғанда мына емдік шараларынан сақ болыңыз.


1. ЛИМОН

Тұмаудың бірден бір емі – лимон деп білеміз. Лимон қосылған шай бойдағы суықты шығарып, ағзаны уыттан, бактериядан, вирустан тазартуға қабілетті. Енді басталып келе жатқан жөтел мен түшкіруді дереу тоқтатады. Десе де, артығымен тұтынатын болсаңыз, керісінше денсаулығыңызға қауіпті болмақ. Нақтырақ айтқанда, ЛИМОН мына АУРУДЫ асқындырады:

  • Тамақ

Лимон және басқа да цитрусты жемістер тамақ ауруын қоздырады. Тамақ ауырған кезде лимонды шектей тұрған жөн. Әйтпесе таңдай, көмекей бездері қабынып, бадамша без бен жұтқыншақ созылмалы ауруға шалдығады. Суықтаған кезде ағза өзін қорғайды. Бұл кезде адам әлсіреп, шаршайды.

фото: versiya.info


  • Асқазан-ішек жолдары

Дәрігерлер асқазан, ас қорыту және ішек ауруларына шалдыққан науқастарға лимон ішу өте қауіпті дейді. Цитрусты жемістер асқазанның қышқылдығын арттырып, гастрит немесе асқазан жарасының пайда болуына септігін тигізеді.


  • Қышқылдықтың төмендеуі

Кез келген нәрсенің өз мөлшерімен болғаны жөн. Тіпті, қышқылдығы төмен адамдарға да лимонды ұмытқандары дұрыс. Барлық цитрусты жемістерден бас тартуға кеңес береміз.

Егер тәбетіңізді тыймасаңыз, асқазан-өңештің аурулары асқынады.


Шектік мөлшері қанша?

Лимон – С дәруменінің қайнар көзі. Оны тұмауды, суықтауды, вирусты, инфекцияны емдеу үшін тұтынады. Десе де, шамадан артық қолданатын болсаңыз, пайдасынан зияны басым түседі. Сондықтан да кез келген дертке шипа табу үшін күніне 1 шыны шайға бір тілім лимон қосып ішіңіз. Егер 3-4 шыны лимон қосылған шай ішетін болсаңыз, ағзаға кері әсер етіп, денсаулығыңызға зиян тигізеді. Сонымен қатар, лимонды жеуге болмайтынын ескертеміз. Мейлінше шайға, салатқа, пісірмеге қосқаныңыз жөн.


2. КАРТОП

Жөтеліп жүрген науқасқа ингаляция керемет көмектеседі. Бірақ үйде картопты қайнатып, соның ыстық буына ингаляция жасайтын әдістер бар. Оны үлкенге де, кішіге де жасау зиянсыз. Ий, картоптың ыстық буы жөтелді тоқтатады. Бірақ өте сақтықпен қабылдау керек. Байқаусызда ыстық буға күйіп қалсаңыз, күйіктің жазылуы өте қиын. Әсіресе, кішкентай балаларға мұндай емдік шараларын жасамай-ақ қойғаныңыз жөн.


3. АРАҚ

Бойдағы суықты термен шығаратын емді қолданатындар өте көп. Бірі, аяғын ыстық суға салып, таңқурай қосылған шай ішсе, енді бірі бұрыш қосылған арақ ішеді. Иә, екеуі де суықты шығарып, тұмауды емдейді. Ағзаны улы заттан, токсиннен тазартып, дене қызуын түсіреді. Алайда бұрыш қосылған арақ ішіп терлеп жүргенде, асқазан ауруына шалдығуыңыз ғажап емес. Асқазан жарасы мен гастрит пайда болуы мүмкін.

фото: ru.depositphotos.com


4. ҚЫША ҚАҒАЗЫ

Суықтап қалған науқастың арқасына, табанына қыша қойып емдейтіндер де бар. бұл да өз кезегінде өте қате ем екенін ескертеміз. Арқаға қойған қыша өкпені тазалайды деген сенім бүгінде жоққа шығарылды. Сондықтан да дәрігердің нұсқауынсыз қышаның көмегіне жүгінбей-ақ қойыңыз.


5. САРЫМСАҚ

Мұрны бітіп, тыныс алуы қиындағанда немесе мұрнынан су ағып тоқтамағанда сарымсақтың суын тамызып, дертімізге шипа іздейміз. Бірақ сарымсақтың суы ешқандай да ем болмайды. Керісінше, шырышты қабықты зақымдап, микробпен күресуге қауқарсыз болады. Одан бөлек, аллергия беруі де ықтимал.


6. СҮТ пен БАЛ

Мұрны пысылдап, түшкіре бастағанда бал қосылған ыстық сүт ішу кез келгеніміздің әдетіміз. Бірақ бұл енді ғана басталып келе жатқан тұмау мен құрғақ жөтелге керемет ем болғанымен, ол жөтелді ылғалды түріне ауыстырады. Сондықтан да бал қосылған сүт ішуді тоқтатасыз. Одан бөлек қақырықты шығару үшін сүтке сода қосып ішетіндер бар. бұл да өте қауіпті әрі қате ем екенін ескертеміз. Сода – асқазанның қышқылдығын арттырып, түрлі аурулардың қозуына септігін тигізеді.

фото: zason.ru


Тұмаудан айығу үшін түрлі емді қолданамыз. Тамақ, мұрын шаю күніне 5-6 рет қайталайтын әдісіміз. Тұз сумен, түймедақ тұнбасымен, сода қослыған сумен тамақты, мұрынды шаюға болады. Ешқашан хлоргексидті ем ретінде қолданбаңыз. Емдік шөптердің де бәрі бірдей пайдалы емес. Мәселен, жөтелді тоқтату үшін ішетін шөпті дұрыс таңдаңыз. Бірі құрғақ, екіншісі ылғалды жөтелді емдеуге қабілетті.


Сонымен қатар, мұрынды ашу, суын тоқтату үшін алоэ мен лимон шырынын қолданбаңыз. Бұл мұрынның шырышты қабығына зақым келтіреді. Оның орнына тұз су, теңіз тұз суы керемет көмектеседі.


Білмей қабылдаған ем дерттің дендеуіне әкеледі. Барынша сақ болғаныңыз жөн!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл ЕКІ тәсіл ағзадағы ТОКСИНДІ «жуып» шығарады


Баланың ҰЙҚЫСЫ қанбай, тамаққа ТӘБЕТІ нашарласа ҚҰРТҚА сараптама жасатыңыз – дәрігер


Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады