​ҚЫС бойы МЫНА сусынды ішіп жүрсеңіз АУЫРМАЙСЫЗ

0
6 614

Күніне 3-ақ рет ішесіз


​ҚЫС бойы МЫНА сусынды ішіп жүрсеңіз АУЫРМАЙСЫЗ

фото: eda-land.ru

Итмұрын (шиповник) – өзінің пайдалы қасиетімен бағалы. Дәмді әрі тәбетті ашатын итмұрынның емдік қасиеті де орасан. Итмұрынан түрлі сусын дайындауға болады. Қайсысын дайындап ішсеңіз де қысы бойы денеңіз жылы жүреді, түрлі дерттің дендеуіне нүкте қоясыз әрі денсаулығыңызды нығайтады.


Итмұрын тұнбасы

Термосқа тазалап жуылған итмұрынның 2-3 ас қасығын саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйыңыз. Термостың қақпағын мықтап жауып, 6 сағатқа қалдырасыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, кез келген уақытта шай немесе сусын ретінде ішуге болады. Егер тәттіге аллергияңыз болмаса, бал қосыңыз.

Итмұрын тұнбасы – иммунитетті нығайтады, суық тиюдің алдын алады, вирустық аурулардан қорғайды. Асқазан, асқорыту, ішек жолдарының жұмысын жақсартады, ағзаны артық заттан тазалайды. Әсіресе еңсесі түсіп, денесін ауырлық басқандар, әлсіз әрі ағзасы шаршаған адамдар итмұрын тұнбасын үзбей ішсе, керемет көмектеседі.

фото: dlyaroditelei


Итмұрын мен жалбыз қайнатпасы

1 литр суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Оған бірдей көлемде (2 ас қасық) итмұрын мен жалбыз салып, қайнауға дейін жеткізіңіз. Сосын отын өшіріп, қақпағын мықтап жабасыз. Салқындаған соң сүзіп алып, теңдей 3-ке бөліп ішіңіз.

Жалбыз – асқазан, асқорыту жолдарына өте пайдалы. Сонымен қатар, гормондық өзгерістер болғанда да таптырмайтын дәрі екенін ескеріңіз. Етекір келгенде ішіңіздің айналасы ауырса, қуық ауырғанда, климакс кезінде жалбыз бен итмұрын тұнбасын ішіп, ауруыңызды басыңыз.

Жалбыздың әйелдердегі еркектік гормонды әлсірететін де қасиеті бар. Оған қоса, ауруды басатын, тыныштандыратын, ағзаны қалпына келтіретін күшке ие.


Итмұрын мен зімбір тұнбасы

Егер сіз жиі суықтап аурсаңыз, тұмау тисе, артық салмақтан арылғыңыз келсе, ас қорыту жүйесін реттегіңіз келсе, зімбір қосылған итмұрын тұнбасын ішіңіз.

Ол үшін итмұрын жидегі мен зімбірді ұсақтап турап, ыдысқа саласыз. Үстіне салқын су құйып, отқа қойыңыз. 5 минуттай қайнаған соң оттан алып, қақпағын мықтап жабасыз. Шамамен 15 минуттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, жылы күйінде ішесіз.

Зімбір – асқазан, ас қорыту, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, ағзаны шлактан тазалайды. Ауыз қуысының қабынуын, тамақ ауруларын бір ішкеннен-ақ емдейді. Ағзадағы микроб пен вирусты өлтіреді. Сонымен қатар, зат алмасуды жақсартып, артық салмақтан арылтады.

Ендеше, иммунитетті нығайтып, жалпы ағзаны жақсартқыңыз келсе, онда зімбір қосылған итмұрын қайнатпасын ішіңіз.

фото: ogyn.ru


Итмұрын мен алма нәрсуы

Бұл дәмді әрі пайдалы сусынды кез келген жастағы адамдар іше алады. Әсіресе, кішкентайлардың сүйікті сусыны десек қателеспейміз. Оны дайындау қиын емес. 4-5 литр суға 1 келі алма мен 1 келі итмұрын жидегін салып, отқа қоясыз. 15-20 минуттай қайнаған соң татымына қарай шекер қосыңыз. Тағы да 5-10 минут қайнатып, оттан аласыз. Нәрсуды ем ретінде жылы күйінде ішкен жөн.

Алма – ағзаны магний, фосфор, калий және темір элементімен байытады. Одан бөлек, В, С, Е, PР дәрумендерімен толықтырады.

Алма қосылған итмұрын нәрсуы қолжетімді әрі кез келген уақытта дайындауға әрі ұзақ уақыт сақтауға болатын керемет сусын.


Итмұрыннан дайындалған кисель

Асқорыту жолдарының ауруы (язва, эрозия, өңеш, асқазан, ішек) мазалағанда итмұрыннан дайындалған кисель ішуге кеңес береміз. Жалпы, итмұрын шайы да, нәрсуы да, қайнатпасы да ем болып табылады. Ал кисельдің емдік қасиеті одан да күшті екенін ескеріңіз.

Кисель – ішкі ағзаны толық жаулап алады да нәтижесінде эрозияның, язваның тезірек жазылуына ықпал етеді.

Бұл сусынды дайындаудың еш қиыны жоқ. Бар болғаны 1 литр суды ыдысқа құясыз. Оған 2-3 ас қасық итмұрын жидегін салып, отқа қоясыз. 15-20 минут қайнаған соң, сүзіп алып, басқа ыдысқа құйыңыз. Ыдысты қайтадан отқа қойып, қайнауға жеткізесіз. Осы кезде аз мөлшердегі суға араластырылған крахмал қосыңыз. Отын бәсеңдетіп, үздіксіз қозғайсыз. Қайнауға жақындағанда оттан алып, жылы күйінде ішіңіз.

Бұл сусынды артық салмақтан арылу үшін ішуге де болады.



Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: azbyka.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз


ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады


СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады