СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады

0
3 612

​Стреске түсу денсаулыққа қалай әсер ететінін біле жүріңіз


СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады

фото: krasunia.ru

Физикалық стресс бүкіл ағзаға кері әсер етеді. Стресс алған адамның бұлшықеті, жүрегі, буыны, тыныс алу жолдары, қалқанша безі, асқазан-ішек жолдары, жүйкесі сыр беріп, ауырады. Біз мұны басқа аурумен шатастырып, дұрыс емделмей жатамыз. Мүмкін суықтадым деп бас аурудың дәрісін ішетін болармыз. Бірақ бұл дертіңізге дауа болмайды. Себебі сіздің басыңыз тұмаудан емес, күйзелістен ауырып жатыр. Қандай дертке шалдықсаңыз да нақтылап алмайынша ем жасауға асықпаңыз. Жалпы, стресс мына дерттің қозуына себепші болады:


Бұлшықет ауырады

Ағза стресс алғанда бірден бұлшықетке әсер етеді. Бой ыңызды ауырлық сезімі билейді, еңсеңіз түсіп, құлшынысыңыз төмендейді. Бейне бір ауыр жүк арқалағандай жаныңыз да жай таппайды. Бұлшықетпен қоса, басыңыз, мойныңыз, иығыңыз да ауырады. Уақыт өте белге береді. Бұлардың бәріне күйзеліс себеп болады.

фото: kopilkaurokov.ru


Тыныс алу жолдары ауырады

Ауа жетпей жатқандай тұншығып қиналсаңыз, тыныс жолдарыңыз суықтады деп ойламаңыз. Көмейге тығылған өксіктің салдарынан тыныс алу жолдарыңыз ауырып жатыр. Стресс алған адам мұрнымен дем алып, аузымен ауа шығарады. Оған қоса, ентігіп, дем жетіспейді. Бейне бір суық тиюдың белгілері іспетті болғанымен, ауру басқаша байқалады.


Жүрек-қан тамыр жүйесі ауырады

Стресс жүрекке алғашқылардың бірі болып әсер етеді. Бірден жүрек қағысы өзгеріп, аулығып, өрікпіп шыға келесіз. Қатты уайым мен күйзеліс жүректің тынышын бұзады.

Стреске берілсеңіз қан қысымыңыз көтеріліп, инсульт алуға дейін барасыз. Мейлінше стреске түсуден абай болыңыз.


Қалқанша безі ауырады

Стресс қалқанша безінің жұмысын нашарлатады. Өздеріңіз білетіндей бұл ағзаның жұмысы өзгерсе, бүкіл ағзаның жұмысына кері әсер етеді. Себебі қалқанша безі барлық ағзаның саулығы үшін жауапты. Стресстің алдарынан қалқанша безі зақым алса, бүйрек, бауыр, зат алмасу жұмысы нашарлайды. зат алмасу нашарлағанда алдымен диабет, семіздік аурулары белең алып, иммундық жүйе нашарлайды.

фото: fb.ru


Асқазан-ішек жолдары ауырады

Біздің ішегімізде жүз миллионға жуық нейрондар бар. Олар мидың жұмысына дейін жауап береді. Егер сіздің ішегіңізде қандай да бір жайсыздық орын алса, миға белгі береді. Іштің кебуі, түйілуі, өтуі, қатуы бәрі-бәрі миға белгі береді. Сондықтан да стресс мішектің жұмысын нашарлата алады. Ішек құрылысында өзгерістер болғанда адамның көңіл-күйі де болмайды, эмоциясын жасыра алмайды әрі жүйкесі де тынышталмайды.


Жүйкесі сыр береді

Жүйке – адамның жалпы жағдайының жақсы, өмір сүруінің қалыпты, денсаулығының мықты болуына жауапты ағза. Ол тыныш, сау әрі жақсы болса, бәрі де жақсы дегенді білдіреді. Жүйкесі сыр берген адам жартылай денсаулығынан айырылған адаммен тең.

Жүйкенің ең қауіпті жауы – стресс. Одан мейлінше сақ болайық!


Күйзеліс, стресс, депрессия адамның еркінен тыс «жабысатын» дүние. Оған жеңілу, берілу тым оңай. Алайда ерік-жігері мықты, санасы сау, көкірегі ояу адам «алданбайы». Стреске берілмейді. Оған жеңілгенше, жеңудің жолдарын қарастырады. Стресске түсіп, денсаулығынан айырылуды қаламайды. Ендеше, стресс алудан, оған жеңіліп, ырқына көнуден абай болыңыз. Стресстің жалғыз емі – өзіңіз екенін ұмытпаңыз!


Дереккөз: zdravcity.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаңызға ДӘРУМЕН мен МИНЕРАЛДЫҢ жетіспеуін білдіреді


ҚЫЗАНАҚ шырыны іштің ҚАТУЫН болдырмайды


ЖҮРЕГІҢІЗ АЙНИ БЕРСЕ КАРТОП шырынын ішіңіз