​Аузыңыздың ДӘМ СЕЗБЕЙ қалуына не СЕБЕП болатынын білесіз бе?

0
6 619

Нақты қайсы дәмді сезбейсіз? Ол қандай дерттің белгісі екенін біліңіз


​Аузыңыздың ДӘМ СЕЗБЕЙ қалуына не СЕБЕП болатынын білесіз бе?

фото: newsaler.ru

Ауыздың дәм сезбей қалуы көбінесе тұмау болғанда байқалады. Егер тұмау болмасаңыз да, дәм білмей жатсаңыз, онда себебін басқа жақтан іздеңіз. Дәрігердің айтуына қарағанда, дәм сезбеу ауыз қуысының ауруларынан ғана болмайды екен. Сондай-ақ иммундық жүйенің, неврологияның, мидың және басқа ағзаның жұмысы бұзылғанда осылай белгі беретін көрінеді.

Дәм сезбеу – ағзаға жұққан вирустың, инфекцияның, бактерияның белгісі. Оның нақтысын анықтау үшін терапевт дәрігерге тексерілу керек.


Дәмнің бұзылуына:

  • тіл ұшында дәм бүршіктерінің зақымдануы;
  • ауыз қуысының жарақаттары мен аурулары;
  • бас сүйегінің және мидың зақымдануы;
  • онкологиялық ісіктер;
  • қанда мырыш, темір және В12 дәруменінің жетіспеуі;
  • жедел және созылмалы инфекция;
  • ауыз қуысында саңырауқұлақ және вирустық инфекциялар;
  • эндокриндік аурулар;
  • ауыз қуысының шырышты қабатындағы ауырсыну;
  • ауыз қуысының шырышты қабатының кебуі, сілекей бөлінуінің шектелуі;
  • тіл нервтерінің зақымдануы, тілдің артқы бөлігінің зақымдануы;
  • қалқанша безінің бұзылуы;
  • дәрілік заттарға және вакцинацияларға аллергия;
  • суық тиюден кейінгі асқыну;
  • неврологиялық аурулар;
  • темекі шегу себеп болады.


фото: stomus-kr.ru

Дәмді ажырата алмау, түрлі дерттің дендеуіне себепші болады. Нақтырақ айтқанда:

Агеузия

Дәмдік қабілеттердің толық жоғалуы – агеузия деп аталады. Бұл дерттің өткір түрі. Мидың және бет аймағының жүйке жүйесінің күрделі зақымдануы болғанда көрініс береді. Дер кезінде анықтап емдемесе, беттің немесе жақтың сал болып қалуы мүмкін.

Дерттің дендеуіне – гормоналды бұзылулар, дәм бүршіктерінің белсенділігіне жауап беретін микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігі басты себеп болады.


Гипогеузия

Тағамның дәмдік қасиеттерін ажырата алмау – гипогеузия болып табылады. Гипогеузия кезінде тілдің сезімталдығы төмендейді, сондықтан дәм қасиеттерінің көпшілігін ажырату қиын. Көбінесе бұл жұқпалы және саңырауқұлақ ауруларынан, антибиотиктерді ұзақ қолданудан, механикалық зақымданудан және тілдің жарақаттарынан кейін пайда болады.


Дисгеузия

Дәмді дұрыс танудан айырады. Егер сіз белгілі бір тағамның дәмін шатастырып алсаңыз, дисгеузия дертіне шалдыққан болып есептелесіз. Мәселен, лимонды тәтті, қантты тұзды деп білсеңіз, уақыт созбай дәрігерге қаралыңыз.

Дисгеузия психикалық бұзылу немесе авитаминозға шалдығу кезінде белең алады. Бұл дерт көбіне жүкті әйелдерде байқалады.

фото: healthy-inform.ru

Түрлі дәмді сезбей қалуға қандай ауру себеп болады?

Тіл – дәм сезу қызметін атқарады. Бірақ қайсысын қалай танитынын білесіз бе? Мәселен:

Тәттіні – тілдің ұшы анықтайды. Ал тәтті тағамды ажырата алмауына күйік, қабыну, жарақат, ми импульстарының бұзылған ырғағы себеп болады.

Тұзды – тілдің төменгі жағы анықтайды. Ал тұзды тағамды ажырата алмауына кандидоз, ауыздың уылуы, темекі шегу, қатерлі ісік себеп болады.

Қышқылды – тілдің орталық бүйір бөлігі анықтайды. Ал қышқыл тағамды ажырата алмауына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі, саңырауқұлақ инфекциялары, ми нейрондарының зақымдануы себеп болады.

Ащыны анықтау қызметі – жұтқыншақтың артқы жағында орналасқан. Қышқыл тағамды танымауға жіті вирустық аурулар, аллергиялық реакциялар, тыныс алу жолдарының және ас қорыту жүйесінің аурулары себеп болады.

Сондай-ақ бір уақытта екі немесе үш дәмдік қабілетіңізден айырылуыңыз мүмкін. Бұған неврит, ми нейрондарының зақымдануы, қалқанша безінің ауытқуы себеп болады.


Ауруды анықтау әдісі

Нақты диагноз қою үшін дәрігер науқастың ауыз қуысын тексереді. Тексеру барысында науқас лимонның, қанттың, тұздың және хинин гидрохлоридінің дәмін көреді. Одан бөлек:

  • Орта отит, тіс протездеуден кейінгі асқынулар, сілекей бөліну бұзылыстарын анықтау бойынша зерттеулер.
  • Қандағы қант деңгейін, аллергияны, темірді, мырыш пен В12 дәруменін анықтау үшін зертханалық қан сараптамасы.
  • Мидың жағдайын білуге компьютерлік томография.
  • Бауыр, бүйрек, қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеу.
  • Ми рецепторларының белсенділігін бағалау, неврологиялық бұзылулар мен бассүйек ішіндегі асқынуларды анықтау үшін МРТ жасату керек.


Қай дәрігерге хабарласу керек?

Алғашқы диагноз қою үшін терапевтке жазылыңыз. Дәрігер сіздің жағдайыңызбен жіті танысқан соң ЛОР, невропатолог немесе онкологтың қабылдауына жібереді.


Аурудың алдын алу үшін

  • Темекі шегуді тастаңыз. Себебі темекі ағзаның табиғи дәм және иіс сезу қабілетін түсіреді.
  • Иіс сезу қабілетін дамытыңыз. Бұл иістерді есте сақтауға, әртүрлі жағдайларда ажырата білуге ықпал етеді.
  • Ауырған жағдайда өзін-өзі емдеуден аулақ болыңыз. Дәрігердің нұсқауынсыз ешқандай дәрі ішпеңіз. Бұл дерттің өршуіне ықпал етеді.
  • Жылына 2 рет невропатолог, стоматолог, отоларинголог және терапевт дәрігердің тексеруінен өтіп тұрыңыз.


Кез келген жағдайда дертті анықтап, емдеу шараларын жүргізсе, асқынудың алдын алуға болады.


Дереккөз: cmrt.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІЗЕНІҢ ауырғанын балғын ҚИЯР емдейді


ЗӘРДІҢ ТҰНЫҚ болмауы БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТАН хабар береді – дәрігер


ЕСТЕ САҚТАУ қабілеті неге НАШАРЛАЙДЫ?