​Қалқанша безі ауруын өз бетінше емдеуге болмайды – дәрігер

0
7 587

Дәрігер қалқанша без туралы маңызды мәлімет берді


​Қалқанша безі ауруын өз бетінше емдеуге болмайды – дәрігер

фото: yellmed.ru


Соңғы кезде қалқанша безі ауруы туралы көп еститін болдық. Жыл сайын жасарып жатқан бұл дерттің дендеуіне не себеп болып жатыр? Оның белгілері қандай? Қалқанша безі ауыртындардан нені байқауға болады? Осы және өзге де сұрақтарға Түркістан қалалық емханасының дәрігері Ергешов Курбанбай Патшаханұлы (суретте) жауап береді.


– Курбанбай Патшаханұлы, эндокринолог дәрігер нені емдейді?

– Эндокринолог – ішкі секреция бездерін және оның мүшелерінің жұмыс істеуіне байланысты барлық ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға қатысатын дәрігер.

Эндокринологтың міндеті эндокриндік жүйенің толық жұмыс істеуі үшін оңтайлы шешімдерді табу және әрбір жеке жағдай үшін пайда болатын проблемаларды және ақаулықтарды жоюдың ең тиімді әдістерін анықтау болып табылады.


– Эндокринолог дәрігерге қай кезде келу керек? Адамды не мазалағанда сіздерді іздейді?

  • Аяқ-қолдың бақыланбайтын дірілі;
  • Етеккірдің бұзылуы, болмауы немесе тым көп, ұзартылған етеккір;
  • Созылмалы себепсіз әлсіздік;
  • Тахикардия (жүректің жиі соғуы);
  • Көп терлеу;
  • Себепсіз дене салмағының өзгеруі;
  • Тәбеттің төмендеуі;
  • Есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
  • Ұйқышылдық немесе ұйқысыздық;
  • Күйзеліс, апатия, депрессия;
  • Іш қату, жүрек айну;
  • Тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі;
  • Белгісіз себептер бойынша бедеулік;
  • Терінің құрғауы, қабынуы және жара шығу;
  • Шөлдеу;
  • Жиі зәр шығару;
  • Тез шаршау, бұлшықеттің әлсіздігі;
  • Жиі бас аурулары;
  • Тәбеттің күрт өсуіне қарамастан салмақ жоғалту;
  • Көз көрудің нашарлауы.
  • Баланың физикалық және ақыл-ой дамуының айтарлықтай артта қалуы кезінде эндокринолог дәрігердің кеңесін алу қажет.


– Қалқанша безі дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

– Қалқанша безі – бұл көбелек немесе қалқан тәріздес ағза. Аты да осы түріне қарай түсіндіріледі. Бұл ағзада болып жатқан барлық қызметтерге әсер етеді және адам өміріне қажетті кейбір гормондарды өндіріп шығарады.

Қалқанша безі – бұл йод қорларын сақтауға қызмет ететін эндокриндік жүйе органы және қалқанша безінің гормондарын өндіруге қатысады (йодтирониндер). Оларға трийодиотронин (Т3) және тироксин (Т4) жатады. Сонымен қатар, ол кальцитонинді шығарады, ағзадағы фосфор-кальций алмасуына жауапты гормон болып табылады. Олар тікелей қанға бөлініп, дененің барлық жасушалары мен тіндеріне әсер етеді, метаболизмнің әртүрлі процестерінің жылдамдығын реттейді, осылайша барлық органдар мен жүйелердің жұмысына әсер етеді.

фото: okd-center.ru


– Калқанша безі ауырған науқаста қандай белгілер білінеді?

– Калқанша безі ауруларының көріністері:

  • жалпы және бұлшықет әлсіздігі;
  • салмақ жоғалту немесе дене салмағының артуы;
  • есте сақтау қабілетінің бұзылуы, назар аудару қабілетінің бұзылуы, апатия, депрессия
  • ашуланшақтық, жылау;
  • жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, «жұмысқа күштің» болмауы;
  • жалпы ісіну (бет, қол, аяқ, іштің алдыңғы қабырғасы, тіл);
  • іштің қатуы немесе өтуі;
  • жүрек ырғағының бұзылуы (әсіресе егде жастағы науқастарда);
  • емдеуге қиын анемия;
  • ішкі діріл, мазасыздық, қолдың дірілдеуі (қолжазбаны өзгерту, кішігірім қимылдарды орындай алмау);
  • көз жағындағы өзгерістер (көздің бұлдырауы, көздің өзгеруі, қабақтың ісінуі, лакримация, әсіресе ашық жарықтан);
  • науқас мойынның алдыңғы бетінің ұлғаюына, мойын контурының деформациясына шағымдана алады.

Қалқанша безінің ауруының белгілері әрдайым нақты бола бермейді. Бұл белгілердің барлығы бір уақытта байқалмауы да мүмкін. Егер сізде аталған белгілердің кем дегенде біреуі болса, қалқанша бездің қызметін тексеру керек. Эндокринолог пациентпен әңгімелесу және тексеру кезінде бұл шағымдарға міндетті түрде назар аударады.


– Қалқанша безі қай жаста өзгеріске түседі?

– Баланың денесінің қарқынды өсуі кезінде, жыныстық жетілу, жүктілік және лактация кезінде йод жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Бұл әрине қауіпті. Біздің еліміз йод тапшылығы аймағы болып табылады. Сондықтан зобтың дамуына жол бермеу үшін диетада йодталған тұзды қолдану керек. Йодттапшылықтың алдын-алу үшін құрамында йод бар препараттарды қабылдау міндетті.


– Қалқанша безін қалай тексересіздер?

Дәрігер алдына шағым айтып келген әрбір науқастың мойнын тексеріп, жалпы көрінісін бақылайды. Бұл қалқанша безінің мөлшері, ондағы түйіндердің болуы мен локализациясын, жұту кезінде бездің қозғалғыштығын, лимфа түйіндерінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Науқастың бет әлпеті мен мінезне қарап қалқанша безінің проблемаларын көрсетуі мүмкін.

Сонымен қатар, аспаптық тексеру де жүргізуге болады. Бұл қатерлі ісікке күдік туындаған кезде қажет. Сондай-ақ, оның көмегімен осы органның жалпы жағдайы анықталады. УДЗ, КТ, Сцинтиграфия, МРТ, Биопсия аппараты қалқанша бездің мөлшерін, бездің симметриясын, тіндердің функционалды қабілеттерін анықтайды.

Одан бөлек, зертханалық әдіспен де анықтауға болады. Қан кұрамындағы гормондар (Трийодтиронин , Тироксин, тиреотропты гормон, тиреоглобулинге антиденелер, Тиреоидты пероксидазаға антиденелер, Тиреоглобулин, ТТГ рецепторларына антиденелер) қалқанша бездің жалпы күйін анықтайды.

фото: afroditka.ru


– Қалқанша безі аурулары жазыла ма?

– Қалқанша безінің ауруларын емдеу әдістері әр науқаска индивидуалды тағайындалады. Күрделігіне байланысты дәрігер белгілі бір емдеуді тағайындайды және науқастың жағдайын бүкіл курс бойынша бақылайды. Сондықтан да аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде мамандарға жүгіну өте маңызды. Өз бетінше емделуге болмайды. Сіз тек өзіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін.

Емдеудің үш негізгі әдісі бар:

- Дәрі-дәрмекпен

- Хирургиялық

- Радиойодтерапия

Әр техниканың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар және белгілі бір міндеттерді шешу үшін қолданылады.

Дәрі-дәрмектер бастапқы кезеңдерде симптомдарды жояды.

Хирургиялық араласу басқа әдістер көрінетін нәтиже бермеген жағдайда қолданыла бастайды.

Ал радиоиодтерапиясы тиреотоксикалық зоб кезінде күресудің ең тиімді әдісі болып саналады.


– Адам ағзасында йод элементі қандай мөлшерде болу керек? Оны толықтыру үшін дәрігердің тағайындауынсыз қабылдай беруге бола ма?

– Йод аса маңызды микроэлементтерге жатады. Организмнің қалыпты дамуы үшін ол аса қажет, солай бола тұра қажетті мөлшері өте аз – тәулігіне небәрі 100-150 мкг.

Егер йод тапшылығы жоқ адам йод препараттырын мөлшерден көп қабылдаса жанама әсерлерге әкелуі мүмкін.


– Қалқанша безінің гормондары қалай әсер етеді?

– Қалқанша безінің гормондары қалыпты өсуді, дамуды, метаболизмді, дене температурасын және қан ағымын реттеуде маңызды рөл атқарады. Олар майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың метаболизміне, дене температурасын реттеуге және су мен электролиттердің тепе-теңдігін сақтауға әсер етеді.


– Қалқанша безіндегі түйін қатерлі ісікке айнала ма? Оны қалай емдейді?

– Қалқанша безінің түйіндері – бұл жиі кездесетін ауру, сондықтан кейбір жас топтарында түйіндері жоқ адамдарды табу қиынға соғады. Бұл қалқанша безінің түйіндері адамдар үшін мүлдем қауіпті емес дегенді білдірмейді. Түйіннің науқастың денсаулығына ықтимал әсерін болжау үшін, ең алдымен, түйіннің табиғатын анықтау керек.

Негізгі топтар жоғарыда айтқанымыздай, түйін қатерлі және қатерсіз болады. Аурудың болжамы бұл екі топ үшін мүлдем өзгеше.

Қатерсіз түйіндер қатерлі ісікке «өтпейді», сондықтан қатерсіз түйіндері бар науқастарды хирургиялық емдеу шағымдар туындаған кезде ғана қолданылуы керек.

Шағымдары жоқ науқастар эндокринологтың консультациясы және қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі мерзімінде тексеру қажет.


– Қалқанша безін дерттен сақтаудың жолдары қандай?

– Қалқанша безі ауруларының дамуына жол бермеу үшін салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануды қолға алуымыз қажет. Оған қоса, стресстік жағдайларды болдырмау, тамақ өнімдері мен дәрумендік қоспалардың көмегімен ағзадағы йодтың құрамын бақылау, қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде қорғау құралдарын пайдалану, жасыл шайды міндетті түрде қолдану, өйткені ол организмнен зиянды заттарды кетіруге көмектеседі. Тамақтану рационына жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қосу

Сонымен қатар, қалқанша безінің ауруының алдын-алудың маңызды әдісі – организмдегі йод жетіспеушілігін жою.


– Қалқанша безіне қандай күтім керек? Арнайы диета, жаттығу, дәрумен қажет пе?

– Қалқанша безі ауруының алдын алу үшін дәрігерлер диеталық тамақтануды ұсынады. Ұсынылатың тағамдар: Гипертиреоз кезінде – қырыққабат (брокколи, брюссель өскіндері, ақбас және түсті), саумалдық, тұрып, соя бұршақтары, шабдалы, алмұртты көбірек жеу керек.

Гипотиреоз кезінде: теңіз өнімдері (теңіз қырыққабаты, краб таяқшалары, балық, әсіресе нәлім), құрма, киви, қара өрік, мүкжидек, сәбіз, қызанақ, сарымсақ, бұршақ және саңырауқұлақты үзбеңіз.

Ал тәтті және газдалған сусындардан, торттан, кәмпиттен, қуырылған және майлы тағамдардан, жартылай фабрикаттардан, фаст-фуд, консерванттардан бас тарту керек.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ емдегендегі 7 ҚАТЕЛІКТІ біле жүріңіз


Қызыл түсті ШЫРЫН балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтереді


ҚАЙЫҢ бүршігі БУЫН ауруын емдейді