Желіде қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған Алматы тұрғынының видеосы пайда болды

0
383

Тәртіп сақшылары қала тұрғынына ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылатынын айтты.


Желіде қазақ тілін

ERNUR.KZ. Желіде қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған Алматы тұрғынының видеосы жарияланды. Қолданушылар қыздың мәлімдемесіне байланысты оны жауапқа тартуға шақырды, деп жазады stan.kz.

"Шынымды айтсам, қазақ тілін, яғни "мамбеттердің тілін" мүлде үнатпаймын. Мамбеттер, ауылдан келгендер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда кептеліс болып жатыр. Маған қазақ тілі, мамбет тілі, қырғыз тілі ұнамайды", - деді ол видеода.

Алматы қалалық полиция бөлімі жазбаға жауап берді. Олар бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары қала тұрғынына ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылатынын айтты.