Жаппай тәртіпсіздік: ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді

0
628

Тұрғымбаевтың айтуынша, жеке құрамның рухани-адамгершілік рухын сақтау мақсатында қызметкерлер бойында отансүйгіштік пен борышқа адалдық сезімін ояту шаралары жүргізіліп жатыр.


Жаппай тәртіпсіздік: ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТЖ режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қызметкерлерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес, Ішкі істер министрлігі үш шара бойынша негізгі орындаушы саналады. Біріншісі - жауынгерлік әзірлік пен техниканы арттыру, әскери қызметкерлер рухын көтеру шараларын қабылдау. Ең алдымен, арнайы жасақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Жалпы, үкіметтік резервтен материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат бөлінді", - деді министр үкімет отырысында.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жеке құрамның рухани-адамгершілік рухын сақтау мақсатында қызметкерлер бойында отансүйгіштік пен борышқа адалдық сезімін ояту шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қызметкерлер жұмысын бағалап, ынталандыру шаралары жүргізіледі.

"Мәселен, төтенше жағдай кезінде құқық қорғау қызметіне тартылған қызметкерлерге 150 000 теңге көлемінде сыйақы және курсанттар мен сарбаздарға бағалы сыйлықтар бөлінді", - деп қосты Тұрғымбаев.