Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Англияда футбол клубын сатып алды

0
230

2020 жылдың ақпан айынан бастап "Уикомб" клубы америкалық кәсіпкер Роб Куигге тиесілі, ол өтпелі кезеңде президент болып қалады.


Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Англияда футбол клубын сатып алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Бірінші лигадағы "Уикомб" футбол клубының жаңа қожайыны атанды, деп жазады sputnik.kz.

BBC-дің хабарлауынша, Ломтадзенің Blue Ocean Partners Ltd компаниясы осы маусымды Англияның үшінші дивизионында 10-шы орында аяқтаған клубтың 90% акциясын сатып алған.
2020 жылдың ақпан айынан бастап "Уикомб" америкалық кәсіпкер Роб Куигге тиесілі, ол өтпелі кезеңде президент болып қалады. Сондай-ақ Премьер-лиганың әртүрлі клубтарында жұмыс істеген Дэн Райс футбол жөніндегі атқарушы директор болып тағайындалғаны белгілі болды.
Осы жылдың басында Ломтадзе 4,5 миллиард фунт стерлинг дәулетімен Forbes миллиардерлер тізімінде 581-орыннан көрінді. Михаил Ломтадзе – Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі.