ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды

0
552

2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.


ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты хабарлады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.