Үкіметті әйел басқаратын кез келді: Тамара Дүйсенова өз пікірін білдірді

0
340

Тамара Дүйсенова мемлекеттік аппарат басшылығында әйелдердің өте аз екендігімен келісті.


Үкіметті әйел басқаратын кез келді: Тамара Дүйсенова өз пікірін білдірді

ERNUR.KZ. 7 ақпанда үкімет отырысында вице-премьер Тамара Дүйсенова журналистердің Қазақстан үкіметін әйел адам басқаратын кез келді ме деген сауалына жауап берді, деп жазады zakon.kz.

Тамара Дүйсенова мемлекеттік аппарат басшылығында әйелдердің өте аз екендігімен келісті.

"Мәселе әйел ме, ер адам ба емес, кәсіпқой болуы керек дегеннен шығайық. Менің ойымша, бізде өндірісте жұмыс істейтін, тұтас министрліктерді басқаратын жақсы қыз-келіншектер көп. Сіз бен біз жақсы жұмыс жасасақ, мемлекет басшысы назар аударатын шығар".Тамара Дүйсенова Ол сондай-ақ үкіметтің отставкаға кетуі экс-премьер-министр Әлихан Смайыловтың бастамасы екенін айтты.
2024 жылдың 5 ақпанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. 6 ақпанда Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болды. 7 ақпанда президент жаңа үкіметпен кеңейтілген кеңес өткізді.