Тұрлыханов екінші ұлына қатысты оқиғаға әлеуметтік желіде жазба қалдырды

0
633

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қызды итеріп жібергені туралы видео тараған еді.


Тұрлыханов екінші ұлына қатысты оқиғаға әлеуметтік желіде жазба қалдырды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қызды итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті.

"Бүгінгі әлеуметтік желілерде менің ұлыма қатысты тараған видео бойынша түсінік беруді жөн көрдім. Өздеріңіз білетіндей, менің әулетім айналасындағы мұндай оқиғалар бірінші рет емес. Осындай оқиғалардың заңдылықпен қайталануы менің көңіліме еріксіз ой салады. Мен өз тарапымнан балаларыма толықтай әкелік, қазақы тәрбие бердім. Бүгінгі видеоға қатысты менің де қоятын бір сұрағым бар. Таңғы сағат 4-те мұндай азаматшалар ұлым тұратын үйге келіп, неге ондай оқиғаға бастау болатыны түсініксіз. Және бұл жағдай аяқ-астынан камераларға түсіп қалып, белгілі бір адамдарға пайдалы қиындыларының ақпарат құралдарына тарауы, менің ғана емес, кез келген адамның көңіліне күмән келтіреді. Бұл менің отбасыма кейінгі жылдары жасалған "Кезекті ақпараттық шабуыл". Тұрлыханов басы екінші ұлына қатысты оқиға туралыдеп ойлаймын. Видеоны аңғарған адамға менің баламның бұл жанжалдан барынша қашқақтауға әрекет жасағаны анық көрінеді. Сіздерге түсінікті болу үшін видеоның толық нұсқасын жолдап отырмын. Осы болған жағдайды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын", - деп жазды депутат.

Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны белгілі болды. Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Кім баласын жаман болсы дейді. Ересек балалар. Білген жоқпын. Өздері разберутся. Бір-бірін сонша қатты жақсы көретін шығар", - дейді Тұрлыханов.