Тоқаев Анар Жайылғанованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

0
344

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова 55 жасында қайтыс болды.


Тоқаев Анар Жайылғанованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова 55 жасында қайтыс болды.